Алматы, 2015 ж. 29 мамыр – «Аман-саулық» ҚҚ Қоғамдық тыңдауларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен серіктесе отырып, Сорас-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен «Қазақстан Республикасында баламалы қызметтерді дамыту және менталдық денсаулығы бұзылған азаматтарды әлеуметтік интеграциялау келешектері» жобасын іске асыруға кіріседі.
Психикалық ақыл-есі ауысқан адамдарды кемсітушілік және стигматизациялау психикалық денсаулықты қорғау саласындағы неғұрлым маңызды проблемалар болып табылады, бұл жағымсыз құбылыстармен күрес Бүкіләлемдік денсаулық қорғау ұйымының және Бүкіләлемдік психиатриялық қауымдастықтың басымдықтарының қатарына кіреді. Бүкіл әлемде ментальды ауруға шалдыққа адамдардың әлеуметтік интеграциясы аса өзекті мәселе болып табылады.
«Мұндай адамдарды қоғам үшін жоғалған деуге болмайды, халықаралық тәжірибебелгілі бір жағдайлар жасалған кезде олар өз әлеуеттерін іске асыра алатынын, әдеттегі өмірде кездесетін жағдайларды игере алатынын, өнімді және жемісті жұмыс істей алатынын, сондай-ақ қоғамның өміріне өзінің үлесін енгізе алатынын дәлелдеп отыр», – дейді «Аман-саулық» ҚҚ Президенті Бақыт Түменова.
«Біздің жалпы ментальды денсаулығы бұзылған адамдарға қатынасымызды өзгертуіміз – яғни олардың шектеулеріне емес, мүмкіндіктеріне назар аударуымыз керек. Біртіндеп қамқоршылдық саясатынан әлеуметтік интеграциялау саясатына өтуіміз қажет. Бұл процесс басталып кетті, жәнеМүгедектердің құқықтары конвенциясының (МҚК) ратификациялануына байланысты белсенді әрекеттер жасалуы тиіс», – деп санайдыСорос-Қазақстан Қорының «Баршаға ашық қоғам» бастамасының үйлестірушісі Айнұр Шакенова.
МҚК ратификациялаудан кейін Қазақстанның алдында арнайы қызметтерді көрсетудің стандарттарын халықаралық нормаларға сәйкестендіру міндеті тұр. Мәселен, Қазақстан үшін ментальды ауруға шалдыққа адамдарға ұйымдастырудың нақты қандай баламалы нысандары қолайлы екенін, олардың қандай ең аз шарттардың сақталуы тиіс екендігі, жаңадан құрылған және бұрыннан бар шағын жиынтықталған ұйымдарды аккредиттеу үшін қандай стандарттарды бекіту қажеттілігін анықтау өте маңызды.
Қоғамдық тыңдауларда Қазақстан Республикасында баламалы қызметтердің дамуымен байланысты жағдайлар бағаланады және ұсыныстар берілетін болады. Ұқсас тыңдауларды Семей, Ақтөбе, Қарағанды және Шымкент қалаларында өткізу жоспарланып отыр.
Қоғамдың тыңдаулар 2015 жылдың29мамырында сағат 10.00 мекен мекенжайда өткізіледі: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ППжП РҒПО «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалықорталығы», Алматы қ., Амангелді көшесі, 88 (Абай даңғ. қиылысы)
Тіркеу сағат 9.15 басталады.
Журналистерге ППжП РҒПО бөлімшелерімен танысу мүмкіндігі берілетін болады.
Бұл шараға БАҚ өкілдері шақырылады. Аккредиттелу үшін мына телефондар бойынша хабарласу керек: +7 (727) 292‑65‑66,+7 (727) 292‑04‑85, amansaulyk@mail.ru(«Аман-саулық» ҚҚ, Алматы қ., Қарасай батыр көш., 91, 4-пәтер, Масанчи көшесінің қиылысы).
Назар аударыңыз! Құрметті журналистер,ҚТ өткізу уақытында бейне және фото түсірулерді жүргізудің шарттары айрықша болады, олармен шараны ұйымдастырушылар Сіздерді тіркеу кезінде таныстырады.