11/11/2016
Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдардың шынайы оқиғаларына негізделген көрме өтеді
24/10/2016
Баррель түбі: бүгін неге кешегідей әрекет етуге болмайды?
12/11/2016

Қоғамдық кеңес: жұмыс тәжірибесі мен өзара байланыс механизмі

Алматы қ, 11-12 қараша, «Алатау» шипажайы – «Әлеуметтік азаматтық базис«Болашақ» қоғамдық бірлестігі Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен «Қоғамдық кеңестер: жұмыс тәжірибесі мен өзара байланыс механизмдері» атты Конференция – семинарын өткізеді.

Конференцияның  мақсаты жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржы мәселесінің күрделі аспектілерін талқылау және  бюджеттік үдеріске араласу арқылы азаматтардың аймақты басқаруға қатысу мүмкіндігі болып табылады.

«Бұл бүгінгі күні өзекті тақырыптардың бірі», – деп атап өтті Алматы облыстық мәслихат  хатшысы Серік Мұқанов. «ҚР Президенті Нұрсултан Назарбаев 2015 жылдың 6 мамырында 5 Институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – ұлт жоспарын жариялады. Оның ішіндегі бесінші бағыт «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» болып табылады. Ашық және жауапты мемлекетті қалыптастырудың айқын көрінісі – «Ашық үкіметті» енгізуде, ақпаратқа қолжетімділік туралы заңды әзірлеуде, қоғамдық кеңестер мен жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту туралы заңды қабылдауда көрсетілген. «Қоғамдық кеңестер» туралы заңның қабылдануы, азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, кеңес өкілдерінің жергілікті деңгейдегі рөлін нығайтуға көмектеседі».

«Аймақтың дамуы мақсаттары мен әлеуеттері туралы халықтың ақпараттануы мен өзекті мәселелердің шешілуі қоғамдық кеңестің тиімді жұмысына байланысты. Қоғамдық кеңес мүшелері ақпаратты жеткізудің  неғұрлым көп түрлі жолдарын пайдаланса, қоғам тарапынан соғұрлым көбірек сенім болады. Мен қоғамдық кеңес мүшелерін байланыс орнату, БАҚ-пен жұмыс істеу, қолданбалы бюджетті сараптау, бюджеттік бағдарлама мен жобаларға мониторинг пен бағалау жүргізу мәселелері бойынша оқытуды жалғастыру керек деп есептеймін»,- деді  Аида Айдарқұлова, Сорос- Қазақстан Қорының  бағдарламалар директоры.

Конференцияға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ұлттық Экономика Министрлігінің өкілдері, Алматы облысының аудандық маслихаттарының хатшылары, депутаттары және Алматы қалалық, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері қатысады. Конференция қатысушылары Алматы облыстық Іле ауданының және Алматы қаласының қоғамдық кеңестерінің іс-тәжірибесімен танысады, депутаттар мен сарапшылардың пікірлерін тыңдап, халықты жергілікті деңгейдегі басқармаға тарту механизмдерін жетілдіруге өз көзқарастарын блдіреді.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша  Іле аудандық мәслихат хатшысы  Абилова Роза Михаилқызына

хабарласа аласыздар, байланыс телефондары: 8 777 221 82 79, 8 702 695 82 18

Эл. почта:  dpk-bolashak@mail.ru

Мекен-жайы: Алатау санаторийі, Калкаман-2, Кіші Әуезов 1, Таусамалы 50 А.