Жоба аясында Қазақстанның бес аймағында азаматтардың денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар адамдардың қоғамға әлеуметтік интеграциялануы мәселелері бойынша ақпараттандыру деңгейін көтеру мақсатында қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Сондай-ақ психикалық ақыл-есінен ауысқан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік мекемелер шеңберінде әлеуеттік көмектің қолданыстағы механизмдерінің тиімділігіне талдау жүргізілді және мүгедектерге әлеуметтік көмек саласындағы мемлекеттік саясатты және көмек көрсетудің баламалы тәсілдерін дамыту мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.
«Өткізілген өңірлік Қоғамдық тыңдауларға жасалған талдау емделушілердің, олардың туған-туыстарының және бүкіл қоғамның психикалық денсаулығы бұзылған азаматтардың құқықтарының мәселелерін: БҰҰ Конвенциясы туралы, мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің ҮЕҰ-ға берілуі туралы, ұйымдардың баламалы нысандарын (клубтар, сыйымдылығын шағын үйлер) дамыту бағдарламасы туралы аз хабардар екенін растады. Кездесулерде МӘМ-ғы үлкен кезектің болуы (ҚР бойынша 2000-нан астам емделуші бар), кепілдік берілген дәрілік заттардың қолжетсіздігі, айына берілетін жәрдемақының төменгі мөлшері (I топтың мүгедектеріне = айына 43849 теңге; II топ = айына 34934 теңге; III топ = айына 23758 теңге) мәселелері көтерілді»,– деді «Аман-саулық» ҚҚ-ның Президенті Бақыт Түменова.
Психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік мекемелердің шығыстарына жасалған талдау мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражаттардың көлемі бір адамға жылына 857 мың теңгеден 1,97 млн.теңгеге дейінболатынын (өңірлер бойынша) көрсетіп отыр.
Бүкіл әлемдегі секілді Қазақстанда денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар адамдарды әлеуметтік интеграциялау аса өзекті болып табылады. 2008 жылы ҚР-да арнайы әлеуметтік қызмет (ӘӘҚ) көрсетуді дайындау және ендіру жөніндегі жұмыс басталды. Оның маңызды міндеттерінің бірі ӘӘҚ ұсынатын ұйымдар желісін дамыту болатын. Осы кезеңнің ішінде ұйымдар желісі 35%-ға, немесе 2008 жылғы 592 ұйымнан 2015 жылғы 797 ұйымға дейін өсті. ӘӘҚ қызметтерін көрсететін ұйымдар санының ұлғаюына қызметтердің үкіметтік емес секторда болуы ықпал етті. Әлеуметтік қызметтер көрсететін ҮЕҰ-ға әлеуметтік қолдау мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы және халықаралық гранттар негізінде өткізіледі. Бұл әлеуметтік ҮЕҰ қаншалықты бәсекеге қабілетті? Бұл қызметті тұтынушыларға олар қаншалықты қажет? Олар халықаралық стандарттардың ұсыныстарына сәйкес келе ме? Мемлекет бөлетін қаражаттар оларға жеткілікті ме? Олардың жетістіктері мен проблемалары қандай? Осы және басқа өзекті мәселелер Дөңгелек үстелда талқыланатын болады.
Қорытынды Дөңгелек столдың жұмысына мемлекеттік медициналық-әлеуметтік ұйымдардың өкілдері, Департамент Директоры және ҚР ДжӘДМ Бас психиатры, үкіметтік емес ұйымдар, психикалық денсаулық проблемасы бар емделушілердің туған-туыстары қатысады.