19/08/2013
Баспасөз мәлімдемесі «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасының қоғамдық мониторинг нәтижелері таныстырылды
25/07/2013
Баспасөз мәлімдемесі «ҮЕҰ менеджменті – жаңа деңгейге өту» дөңгелек үстелі
28/08/2013

Атырау облысы аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың аралық қорытындысы

«Бюджеттік сараптама және  экономикалық мониторинг орталығы» Қоғамдық қоры 2011-2015 жылдарға арналған Атырау облысының өңірлік әлеуметтік‑экономикалық даму бағдарламасын жүзеге асыру мониторингісінің  аралық нәтижесімен таныстырады. Жобаға облыс әкімдігі және Сорос‑Қазақстан қорының «Мемлекеттік қаржы айқындылығы» бағдарламасы қолдау көрсетті.

Атырау облысы Қазақстан үшін маңызды өңірлердің бірі болып табылатындықтан, әлеуметтік‑экономикалық мониторинг жүргізу және тұрғындардың әлеуметтік жағдайымен танысу зерттеудің негізгі мақсаты болып табылды. Негізгі макроэкономикалық индикаторлар бойынша облыс Алматы және Астанамен қатар өңірлердің бірінші үштігінде тұр, сонымен бірге тұрғындардың жан басына шаққандағы  жалпы өңірлік өнім деңгейі бойынша бірінші орынға ие (облыс тұрғындары 555 мың болғанда, тұрғындардың жан басына  есептегенде 3,32 трлн. теңге,  адам басы 40 мың долларды құрайды).

Экономикалық жетістіктің жоғарылығына қарамастан облыстың әлеуметтік даму деңгейі жақсаруды қажет етеді: білім саласында ҰБТ бойынша облыс орта нәтижені көрсетіп отыр, денсаулық сақтау саласында – ауру‑сырқау деңгейі жоғары және ауруды анықтау деңгейі төмен, әлеуметтік қамтамасыз ету саласында –  азық‑түлік қоржынына тұрғындар шығыны жоғары және табыс көзі шектеулі. Тек кен өндіру компанияларында жұмыс істейтін адамдары бар отбасылар орта топқа жатқызылады, ал қалған тұрғындар төменгі табысты қанағат етуге мәжбүр.

«Қызмет нәтижесі көзге көрінерліктей болуы керек және тұрғындар тұрмысының деңгейі, денсаулық сақтау көрсеткіші, білім беру және тұрғындарды әлеуметтік қорғау, бизнесті жүргізу мүмкіндігі сияқты және тұрғындар тұрмысының жақсарғандығын не төмендегендігін анықтайтын лакмус қағазы сияқты параметрлерде көрсетілуі керек» ‑ дейді «Бюджеттік сараптама және экономикалық мониторинг» Қоғамдық қорының директоры Ұлықбек Тналиев. «Алайда индекспен тең дәрежеде  алдыңғы кезеңдегі өзгерісті өзі үшін игі болды деп есептейді ме және олар өздеріне сенімді ме деген сұрақтарды азаматтардан тікелей сұрауға болады. Осы және басқа да сұрақтарға жауап аталған зерттеу негізін құрады».

Зерттеу жұмыстарын таныстыруға әкімдік өкілдері, қала және облыс ауданының тұрғындары, сонымен бірге даму жағынан қызметі қиын жағдайда тұрған өңірдегі кен өндіруші компаниялардың өкілдері шақырылды. Презентацияда қоғамдық ұйымдардың, биліктің және кен өндіруші компаниялардың өзара әрекет етуі үшін қорытындылар мен ұсынымдар ұсынылады, талқыланады және ұсыныстар өңделетін болады.

Толық ақпарат алу үшін төмендегі байланыс бойынша хабарласыңыз:

«Бюджеттік сараптама және экономикалық мониторинг» ҚҚ

тел: 87122 326813; ұялы тел: 8-701-525-75-40
Эл. пошта: kazcentr@gmail.com