Ашықтық және есептілік
Бағдарлама мақсаты – мемлекеттік қаржыны басқару процесінде ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету.
Осы мақсатта СҚҚ 2017-2020 жж. келесі басымдылықтар бойынша қолдау көрсетеді:
- Азаматтық қоғам өкілдері қатарынан ашықтық пен есептілік саласында сарапшылар мен белсенділердің жаңа буынын дайындау;
- Тиімді басқару саласында Қазақстанның ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестігіне бағытталған ұсыныстарды дайындау;
- Мемлекеттік сатып алу саласының ашықтығын арттыруға атсалысу;
- Жергілікті деңгейде бюджеттік процесске азаматтардың қатысуын қолдау.
Байланыс ақпараты:
Бағдарлама туралы толық ақпарат алу үшін бағдарлама үйлестірушісі Асқар Көшкінбаевқа хабарласыңыз: tap@soros.kz
Сорос-Қазақстан Қорының байқаулары туралы хабарландыруларға жазылу үшін ac@soros.kz мекенжайына хат жолдап, ұйымның атауын, байланыс тұлғасы мен электрондық поштаны көрсетіңіз.