Күн сайын адамның цифрлық әлемде құқықтық, еркіндік және қауіпсіздік мәселелері үлкен мәнге ие болуда. Осы ретте, Сорос-Қазақстан қорының Ақпараттық бағдарламасы түрлі тақырыптарға арналған мақалаларды жариялай бастайды. Олардың ішінде цифрлік профиль, жеке өмірге қолсұқпау құқығы, биометрия, GDPR тақырыптары бар.
09/04/2020

COVID-19: Қазақстанның цифрлық алаңындағы ахуал қандай?

Әлемдік пандемия, төтенше жағдай, жалпыға міндетті карантин, экономиканың құлдырауы мен тұрғындардың қаржылық қиындыққа тап болуы, жұмыс барысы мен оқу үдерісінің онлайн форматқа ауысуы, жалған ақпараттар «тасқыны», телекоммуникациялық желілердің жаңа жүктемелерге дайын болмауы, тағысын тағылары – Қазақстан үшін биылғы көктем қиындыққа толы болып отырғаны анық. Бұл – билік үшін де, бұқара үшін де әжептәуір сынақ. Қазіргі уақытта болған жағдайды қабылдап, шешім шығаруды және белгісіздік жағдайына бейімделіп, әрі қарай тіршілік етуді үйренудеміз. Бүгінгі күнімізден дұрыс сабақ алғанда ғана болашақтағы «бұлыңғыр» жағдайларға дайын бола аламыз.
11/03/2020

Телефон қолдану үшін бет-жүзді анықтау – Қытай қауіпті тәжірибеге негіз салды

Телефондарына жаңа қызмет түрін тіркегенде қытайлықтар бет-жүзін сканерлеуі керек. Билік өкілдері барлық интернет қолданушының болмысын нақтылап отырмақ. Нәтижесінде әлемнің басқа да адамдары тәрізді емін-еркін байланысқа шыққысы келетіндердің барлығы үшін бұл негізсіз қауіп тудырып отыр.
15/01/2020

Смарт қалалар кім үшін салынады?

2017 жылдың 31 қазанында дүниежүзі Халықаралық қала күнін үшінші рет атап өтті (бұрын білмеген болсаңыз, еш айыбы жоқ). Бұл күн «Тамаша қала – тамаша өмір» ұранымен аталып өтеді. Атаулы мерекеде PI компаниясы «Смарт қалалар: утопия, қиял, антиутопиялық шынайылық» деп аталатын есебін ұсынды. «Қалаларымыз нақты кім үшін «тамаша өмір мекеніне» айналуы  керек?» деген сұраққа біздің де жауап тапқымыз келеді.
23/12/2019

Дүниежүзінің түрлі мемлекеттердегі киберкеңістік қауіпсіздігі мен адам құқын түсінудегі олқылықтың орнын толтыру

Киберкеңістіктегі қауіпсіздік ұғымына қатысты  (бұрыс) түсінігімізді дереу өзгерту керек Бүгінгі күнге дейін қанша тырыссақ та, киберкеңістіктегі қауіпсіздік мәселесі даулы тұжырым болып отыр. Кейбір мемлекеттер әлі күнге дейін киберкеңістіктегі қауіпсіздік туралы заңдар қабылдауда. Сондағысы бізді бақылаудағы өкілеттіліктерін кеңейткенін ақтап алғысы келеді. Киберкеңістегі қауіпсіздік пен қылмыс әртүрлі ұғым екеніне қарамастан, бұл ұғымдардың түсініксіздігі және қылмыстық заңнаманың кең қолданылуы заңды іс-әрекеттердің өзін қылмыс деп тануға итермелейді.
20/11/2019

Деректеріміздің болашағы

Цифрлы ортамыз едәуір жылдам өзгеріп келеді. Ендігі бес-он жылда оның қандай болатынын нақты ешкім де болжап білмейді. Бірақ өз деректерімізді өзгеге тапсыратын тәсілдің түптің түбінде өзгеретінін анық білеміз. Әрбір әрекеттің нәтижесінде деректерімізді қалай өндіретінімізді, жаңа технология қаптаған әлемде құқымызды қалай сақтап-кеңейтетінімізді және деректерімізді қалай қорғайтынымызды шешуіміз керек. Деректерімізге кім қол жеткізе алады және ол деректерді қалай қолданады деген мәселе төңірегінде негізгі дау-дамай өрбиді. Болашағымызды қалыптастыруды бүгіннен бастап, шара қолданатын уақыт жетті.
20/11/2019

Телефон нөміріңіздің неге керек екенін Facebook түсіндіруге тиіс

«Екіфакторлы аутентификация (2FA) үшін» деген желеумен (қолданушылардың көпшілігі осылай ойламасқа амалы қалмады) қолданушыларының телефон нөмірлерін жинаған Facebook әуел бастан ол байланыстарды мақсатты жарнамалар аудиториясын оңай табуы үшін пайдаланған. Бұл ақпаратқа өзгелермен бірге PI да қатты алаңдады.
27/01/2020

Дербес мәліметтер дегеніміз не әрі оны қорғаудың мәні қандай?

28 қаңтар – Халықаралық дербес мәліметтерді қорғау күні. 1981 жылы дәл осы күні жеке сипатқа ие мәліметтердің автоматты түрде өңделуіне қатысты жеке тұлғаларды қорғау туралы Конвенцияға қол қою мәселесі жария болған еді. Содан бергі 40 жылдың ішінде дижитал ұғымы толыққанды өзгерді: бүгінгі адамды электронды поштасыз, құжаттарын сақтайтын бұлтсыз (облако) және әлеуметтік желісіз елестету әсте мүмкін емес. Алайда, күнделікті қауырт тіршілігімізді жеңілдету үшін ойлап табылған тетіктердің теріс жағы да бар: жеке мәліметтеріңізді сіздің рұқсатыңызсыз әлдекімдер, әсіресе, алаяқтар өз пайдасына қолдануы әбден мүмкін, қайткенмен де қауіп жоқ емес.
05/07/2019

Жеке құпияңызды әшкерелеудің ойыңызға да келмеген бес әдісі

«Құпиялылығыңызды сақтауға деген құқығыңызды құрметтейміз»  деп басталатын және 2000 сөзден құралған құпиялылық саясатын түсіндіретін парақшаға өтетініңізге сенімді болмасаңыз интернеттен шығып кетесіз бе? Керісінше «Бәрі түсінікті, рахмет» деген нүктені басып қойып, ары қарай интернетте отыра беретініңіз айдан анық. Шын мәнінде «құпиялылық» деген не деген сауалға ешкім бас қатырып жатпайды. Қауіп төне және құри бастаған құпиялылық саясаты күннен-күнге белгісіз болудан қалғаны да түсінікті. Құпиялылық саясатын күнде бақылап отырмасақ та, оған қауіп төнгені анық байқалады.
04/04/2019

Идентификация, кемсіту және сәйкестендіру мәселелері

Кімсің? Сәйкестік пен идентификация мәселелері «Идентификация» – жеке және саяси күрделі мәселелерді қамтиды. Бұлар саяси-әлеуметтік, психологиялық және философиялық аспектілерге орай өзгеріп отырады. «Кімсің?» деген сауалға бірнеше түрлі жауап қатуға болады. Алайда олардың ешқайсысын да дәл осы жауап ең дұрысы дей алмаймыз, себебі олардың әрқайсысы ерекше тұжырымдалған, тіпті кейбірі аса даулы мәселелерді көрсететін жауап болып шықпақ.
03/03/2019

Құпиялылық неліктен маңызды және «жасырудың қажеті жоқ» сөзіне неге  мән бермейміз?

Назарларыңызға онлайн-қауіпсіздік және құпиялылық мәселелері жөніндегі сарапшы, Hack for Privacy қауымдастығының авторы Робин Доэртидың мақаласын ұсынамыз. Ол құпиялылық және цифрлық құқық құндылықтарын алға жылжытуда.