23/01/2023

Үлгерiмi төмен бiлiм алушылар: диагностикасы, қауіп факторлары, қолдау көрсету

  Үлгерiмi төмен бiлiм алушылар: диагностикасы, қауіп факторлары, қолдау көрсету (PDF жүктеу)
21/06/2022

Қазақстанның 30 жылдық тәуелсіздігі азаматтар көзімен: оқиғалар, символдар және кейіпкерлер

Зерттеудің мақсаты – Қазақстанның 30 жылдық тарихын азаматтардың көзқарасы арқылы жұртшылыққа ұсыну. Ал бұл өз кезегінде болашақта қоғамды топтастыру мен азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың берік негізі болуы әбден мүмкін.
21/02/2022

«Бюджет мол – мәселе сол» карикатулар жинағы

Бұл жинаққа «Бюджет мол – мәселе сол» атты республикалық карикатурашылар байқауының таңдаулы туындылары топтастырылды.
10/01/2022

Қазақстанда Жалпыұлттық Аза тұту күні

10.01.2022 – Қазақстанда Жалпыұлттық Аза тұту күні. Сорос-Қазақстан қорының Қамқоршылар кеңесі мен ұжымы жақындарынан айрылған барша жанға қайғырып, көңіл айтады.
16/11/2021

Қазақстанның көп балалы отбасылары: экономикалық жағдайы, мүмкіндіктері және оларды үкіметтің күн тәртібіне енгізу

Басылымды «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы (Applied Economics Research Centre)» ЖШС қызметкерлері Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен дайындады.
07/11/2021

«Бізге «біз» туралы кітап қажет»: қазақстандық жазушылар энциклопедиясы қалай жазылды?

Былтыр жыл соңында – Сорос-Қазақстан қорының 25 жылдығына орай тәуелсіздіктің үш онжылдығы ішінде СҚҚ құрған және қолдаған қазақстандық ақын-жазушылар туралы әдебиеттану басылымы қалың оқырманға ұсынылды. Осы кітапты жинақтаушы, қазақстандық автор әрі мәдениеттанушы Юрий Серебрянский бізге берген сұхбатында бұл туындыны дайындау барысындағы қиындықтар туралы, аталмыш кітаптың жыл қорытындысы бойынша үздік отыздыққа қалай енгені және әлеуметтік желілердің жаңа авторлардың әдебиетке қадамына қалай әсер еткені жөнінде айтып берді.
25/10/2021

Ульяна Топоровская: «Әр кейіпкердің тағдыры бүтін бір қоғамның тауқыметін сипаттайды»

Cорос-Қазақстан қорының қолдауымен 23-28 қыркүйек аралығында Алматыдағы «Арман» кинотеатрында QaraFest тәуелсіз фестивалінің деректі фильмдері көрсетілді. Ал 30 қыркүйек пен 9 қазан аралығында qarafilmfest.kz алаңында онлайн-фестиваль өтті. QaraFest бағдарламасында Чили, Түркия, Швеция, Германия, Норвегия, Финляндия, Грузия, Бельгия, АҚШ және Румыниядан 10 туынды көрермен назарына ұсынылды. Барлық фильмдер түпнұсқа тілінде, қазақ және орыс субтитрлерімен көрсетілді.
20/10/2021

Қазақстанның білім сапасын халықаралық зерттеулердегі нәтижелері: артта қалу себептерін зерттеу

Талдамалы есепте Қазақстанның білім сапасын халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі төмен көрсеткіштерінің себептерін зерттеу және осы нәтижелерге әсер ететін факторларды сәйкестендіру нәтижелері келтіріледі.
07/10/2021

СҚҚ серіктестерінің оффлайн шараларына рұқсат берді

Қазақстанның түрлі өңірлерінде карантинді біртіндеп жеңілдету бойынша шешімнің қабылдануына байланысты, Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) серіктестерінің қоғамдық шараларды ұйымдастыруы мен өткізуіне тыйымды жартылай алып тастады.
22/09/2021

Жайлы қаланың бөлшектері

Әсел Есжанова, Urban Forum Almaty (қазіргі Urban Forum Kazakhstan) идеясын ұсынушы және авторы. Урбанизм мәселесі, жан-жақты көзқарас және бұған қатысты Сорос-Қазақстан қорының РӨЛІ туралы.