Басылымдар

15/05/2018

Мұражайлар: жұмыстың жаңа әдіс жолдарын іздеу жолында

Аталмыш еңбекте жұмыс авторлары  отандық мұражайларды қалай және қандай құралдар арқылы  қалалық қоғамдық кеңістікке айналдыруға болады деген сұраққа жауап іздейді. Негізінен жұмыс көрермендермен жұмыс істеу жолына, мұражайлардың білім беру және қауымдастықтарды қалыптастыру қызметіне бағытталған. Жұмыспен орыс тілінде келесі сілтеме арқылы таныса аласыздар.
15/05/2018

Фактчекинг журналистика зерттеуінің тренді: мүмкіндігі мен болашағы

«Фактчекинг журналистика зерттеуінің тренді: мүмкіндігі мен болашағы» практикалық оқулығы деректі тексерудің, сол арқылы заманауи әлемдік медиа ортадағы жалған дерекпен күресудің негізгі тетігі болып келетін фактчекинг әдістемесін егжей-тегжей түсіндіреді. Оқулық авторы – танымал украиналық журналист, FactCheck.com.ua ресурсының бас редакторы Александр Гороховский.
16/04/2018

Қазақстан Республикасында мектептегі білім беру жүйесінде жыныстық ағарту мәселелері

Аталмыш жұмыс қоғам мен қоғамдық саясат саласында шешім қабылдайтын тұлғалардың назарын жасөспірімдерді сапалы жыныстық ағарту мәселесімен қамтамасыз ету қажеттілігіне аударуға бағытталған. Жыныстық ағарту ұғымына жасөспірімдердің жасына сәйкес берулі қажет жыныстық жетілу, репродуктивтік жүйе, қарым-қатынас орнату, контрацепция және т.б. туралы білімді білдіреді.   Аталмыш зерттеумен орыс тілінде келесі сілтеме бойынша танысуға болады.
03/04/2017

Алматының орталығына жатпайтын аудандар тұрғындарының әлеуметтік сәйкестілігінің зерттеуі

Зерттеу Сорос-Қазақстан қоры «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасының қолдауымен Urban Forum Almaty тобымен дайындалды.
17/03/2017

Қалалық Хакатон

Қалалық хакатон – бұл белгілі бір мәселені шешу үшін құрылған дискуссиялық алаң. Хакатон барысында командаға бөлінген қатысушылар белгілі уақыт ішінде алдына қойылған нақты мәселенің шешімін тауып, жобалар ойластыруы тиіс.