Басылымдар
25/07/2018
Студенттік жастар адам құқықтарын реттейтін құжаттарда бөлек категория ретінде бөлінбеген. Ал өз кезегінде аталмыш топ оқу мекемелеріндегі әкімшіліктің шешіміне тәуелді болғандықтан ең аз қорғалған болып келеді. Осы ретте, назарларыңызға Сорос-Қазақстан қоры “Адам құқықтары” бағдарламасының “Құқық қорғаушылардың жаңа буыны” жобасының түлегі Анар Мажиттің “Астана қ. ЖОО мекемелеріндегі студенттік жастардың наным еркіндігі мен оларды еркін білдіру құқығы” жұмысын ұсынамыз.
Do you like it?0
25/07/2018
Аталмыш жұмыстың мақсаты – қандай да бір кемсітушілік жоқ тұста мемлекеттің зағип жандардың ұстаздык ету құқығын қаншалықты деңгейде қамтамасыз етіп отырғанын қарастыру. Жұмыс Сорос-Қазақстан қоры “Адам құқықтары” бағдарламасының “Құқық қорғаушылардың жаңа буыны” жобасының түлегі Лукерья Лоншаковамен дайындалды.
Do you like it?0
31/05/2018
Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың қолайлы ортаға ғана құқығын емес, оның жағдайы туралы экологиялық ақпаратқа қолжеткізу құқығын қарастырады. Бізге завод-фабрикалардың қоршаған ортаға зардабын тигізетін қалдықтарының қауіп деңгейін бақылауға болатын сенімді ақпарат көзі қажет. Сондай-ақ қоршаған ортаның ластану деңгейі мен оның адам денсаулығына әсері туралы ақпарат қажет.
Do you like it?0
31/05/2018
Бүгінгі таңда дүниежүзінде денсаулығында менталды өзгешіліктері бар адамдардың өмір сапасын жақсарту, әлеуметтік оңалту және интеграция мәселелері өзекті болып табылады. Бұл мәселелер ДДСҰ-ның жыл сайынғы есептерінде айтылып және осы тақырыпқа арнайы мамандардың назарын аударып келеді. Әрине, менталды проблемалар Қазақстанды айналып өтпеді. Зерттеу «менталды проблемалары бар адамдарды реабилитациялау және оңалту құқығы» тақырыбында жүргізілді. Бірқатар зерттеулердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында оңалту туралы деректер жеткіліксіз екені расталды.
Do you like it?0
31/05/2018
Зерттеу балалардың денсаулығында менталды өзгешіклетері бар отбасымен тұру және тәрбиелену құқығына арналмақ. Бұл тақырып өте маңызды, себебі бұл мәселе елімізде жеткілікті түрде зерттелмеген. Қазіргі уақытта ерекше балаларға отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығына көп көңіл бөлінеді, бірақ ата-аналардың өздері ерекше болған жағдайда балалардың бұл отбасында өмір сүру құқығын көбісі ойлай бермейді.
Do you like it?0