Басылымдар
21/02/2020
Назарларыңызға Open Budget Fellowship түлегі Салтанат Рахимованың “Атырау облыстық балалар ауруханасындағы мемлекеттік сатып алу процесіндегі сыбайлас жемқорлық қатерлері” жұмысын ұсынып отырмыз.
Do you like it?0
23/12/2019
Бұл есеп ғылыми-қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін қамтиды, оның ішінде Қазақстанның 14 өңіріндегі далалық әлеуметтік сауалнамалар қорытындылары, кейіннен бес мегаөңірге (Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс, Батыс, Орталық) бөле отырып, деректерді талдау, сондай-ақ ауылдық жерлердегі әйелдердің жағдайына әсер ететін ресми статистика, саясат және практика деректерін талдау. Жүргізілген зерттеудің құндылығы ауылдық әйелдердің әлеуметтік-демографиялық портретін және көңіл-күй және олардың өз жағдайын бағалауды қалыптастыратын кешенді жасау болып табылады. Әдетте, әйелдерге қатысты зерттеулер географиялық белгісі бойынша жекелеген санаттарды егжей-тегжейлі талдаусыз гендерлік мәселелерге шоғырланады, ал әлеуметтік-демографиялық зерттеулер халықтың жекелеген топтары үшін ерекше проблематикаға және осы адамдар төрғысынан оларға мемлекеттік қолдау… Продолжить Әлеуметтік қауқарсыз халықтың жеке санаты ретінде үкіметтің экономикалық күн тәртібіне қосу үшін ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерін зерттеу
Do you like it?0
06/03/2020
Орталық Азияның басқа елдеріндегі сияқты Қазақстанда да жасөспірімдердің жүктілігі, демек жасөспірім қыз балалардың жасанды түсік жасатуы, тастанды сәбилер мен ерте жастан некеге тұруы, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) таралуы өзекті мәселелер қатарында. 2018 жылғы ірі әлеуметтік зерттеудің мәліметтері бойынша, ҚР-да жыныстық қатынас басталуының орташа жасы 16,5 жасты құрады, ал 16-19 жастағы адамдардың 46% ЖЖБИ жұқтыру мен жасанды түсіктің салдары туралы мүлдем білмейді. Мектепте бұл жайлы оқымайды, ата-аналары ба лаларымен бұл тақырыпқа мәдени ерекшеліктерге байланысты сөйлеспейді, қоғам жасөспірімдердің «бос» мінез-құлқын айыптайды, алайда іс жүзінде ешқандай шара қолданылмайды. Сексуалды және репродуктивті… Продолжить ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАНДАЙ ЖЫНЫСТЫҚ САУАТ АШУ ЖҮЙЕСІ ҚАЖЕТ?
Do you like it?0
23/10/2019
Алматыда қыркүйек айының соңында жас зерттеушілер бағдарламасының тағы бір кезеңі аяқталды. Жоба қатысушылары аралық жұмыстарымен таныстырды. ICPA өкілі – әдістеме бойынша тәлімгер Ашот Хуршудян жас сарапшылардың керегіне жарайтын зерттеудің тың тәсілдері мен қағидалары жөнінде баяндап берді.
Do you like it?0
31/01/2019
Бұл зерттеу Даун синдромы және балалардың церебралды сал ауруы секілді диагнозбен дүниеге келген балаларды мемлекеттік арнайы мекемелерге тапсыру жөніндегі ата-аналардың шешіміне дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің ықпалы қаншалық екенін зерттеу мақсатымен жүргізілді. Зерттеу барысында алдымен деректер жиналды, Даун синдромы және церебралды сал ауруымен туылған балалардың аналарының әңгімесі, дәрігерлер мен медицина мекемелерінің және арнайы интернаттардың өкілдерінің пікірі, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор өкілдерінің ой-пікірі жинақталды. Сонымен бірге, осы уақытқа дейінгі зерттеу материалдары назарға алынып, мемлекеттік органдардың баяндамасы мен статистика зерттелді.
Do you like it?0