Басылымдар

01/03/2021

ҚР балалардың құқығы және қоршаған орта

Қазақстандағы балалар мен қоршаған орта бойынша осы баяндаманы Сорос-Қазақстан Қоры қолдаған жоба шеңберінде «Әлеуметтік-Экологиялық Қор» ҚҚ дайындады. Оның мақсаты баланың салауатты қоршаған ортаға құқытарын қорғау саласындағы жағдайды жақсарту бойынша шараларды талқылау, әзірлеу және іске асыру үшін негізді анықтау мақсатында еліміздегі балалар мен қоршаған орта бойынша негізгі жағдайларын ұсыну болып табылады Зерттеуді мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.
24/02/2021

Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік: ҚР шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы

Назарларыңызға PPI жобасының түлегі Жаслан Нұрбаевтың “Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік: ҚР шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы” зерттеуін ұсынамыз.
01/12/2020

Сайлауға қатысты нұсқаулықтар

Бұл басылымдар Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы дайындады, ол ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің кейбір тілдеріне аударылды. Алайда бүгінгі күнге дейін құжаттың қазақ тіліндегі нұсқасы болған жоқ.
23/05/2020

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі – 2019

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі – облыстар, астана және республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде бюджет жүйесінің ашықтығы, айқындығы мен есеп беру деңгейін өлшейтін құрал. Бұл құралды Қазақстанның Ұлттық бюджет желісі – республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджеттік шығыстарды мониторингілеу және бағалау мәселелерімен кәсіби айналысатын үкіметтік емес ұйымдар тобы әзірледі. Зерттеудің мақсаты – жергілікті деңгейде бюджет процесінің ашықтығы деңгейін анықтау, сондай-ақ жұртшылықтың бюджет туралы ақпаратқа қол жеткізуін арттыру. Зерттеудің ұзақ мерзімді мақсаты – мемлекеттік органдар үшін азаматтарға бюджет туралы ақпаратты анық, уақтылы, толық, түсінікті және қолжетімді етіп таратуға, сондай-ақ жергілікті деңгейде… Продолжить Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі – 2019
17/05/2020

“Карантин кезінде өзіңді қалай ұстау керек” атты балаларға арналған кітапша

Аталмыш кітапшаны Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен Балама орталығы дайындап шығарды.