Басылымдар
05/08/2021
Бұл зерттеу жұмысында медициналық көмектің қолжетімділігін жетілдіру және медициналық қызметкерлерді төтенше жағдай кезінде ҚР-да жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету бойынша талдау тәсілдері мен ұсынымдар айтылады. “Денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай қалай дамытамыз? ТЖ кезінде дәл қазір қабылдауды қажет ететін медициналық көмектің 8 қағидасы” зерттеуін мына сілтеме арқылы таба аласыздар.
Do you like it?0
30/06/2021
Қазақстандық цифрлық құқықтар сарапшылар тобы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі «ЦИАӨМ АҚК») дайындап жатқан қазақстандықтардың жеке мәліметтерін қорғау бойынша заңнамаға өзгертулерді сараптауға Proud Engineers сарапшыларына жүгінді.
Do you like it?0
23/06/2021
Зерттеу Сорос-Қазақстан қорының Ақпараттық бағдарламасы аясында дайындалды. Зерттеудің мақсаты экономикалық ашықтықты, экономикалық басымдылық шарттарына сәйкестікті, халықтың дактилоскопиялық және геномдық тіркеуге дайындығын, сондай-ақ, ұлттық құқықтың халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету деңгейін талдау арқылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заңының ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдарының болжамдарын анықтау болып табылады. Авторлар: Д.У. Мухамеджанова, Л.С. Асаинова, Д.Б. Бектурганов, Д.Б. Буралкиева, Р.Е. Реймер Зерттеуді мына сілтеме арқылы жүктей/оқи аласыздар.
Do you like it?0
06/04/2021
«Қазақстан: «Билік транзитінің» сынағы» жұмысының аудармасы Chatham House Корольдік халықаралық қатынастар институтының келісімімен басылып шықты. Бұл жұмыс қазақ тіліне Сорос-Қазақстан қорының жеке жауапкершілігімен аударылды, Chatham House ресми аудармасы емес.
Do you like it?0
05/04/2021
Біртіндеп төмендеп жатса да, мемлекеттік бюджет Қазақстанның денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың негізгі көзі болып қала береді (2010 жылы денсаулық сақтауға жұмсалатын жалпы шығындардың 68%-ы, 2018 жылы тиісінше 61%-ы). Сонымен қатар, 2005 жылдан бастап денсаулық сақтау жүйесі бюджетті ұлттық деңгейде шоғырландыра отырып, оны кезең-кезеңімен орталықтандыру сатысынан өтіп келеді. Қаржылық трансформацияның мақсаты тұрғылықты жері мен табыс деңгейіне қарамастан, бүкіл халық үшін медициналық қызметтерге қолжетімділіктегі теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Бұл реформалардың соңғы сатысы міндетті медициналық сақтандыруды енгізу және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұлғасында медициналық қызметтердің шоғырландырылған сатып алушысын құру болды. Бұл зерттеу… Продолжить Ашықтық. Мемлекеттік қолдау. Медицина қызметкерлері
Do you like it?0