Project Syndicate"
29/08/2019
АЛМАТЫ – Қазақстанды 30 жылға жуық басқарып, наурыз айында президенттік қызметінен кеткен Нұрсұлтан Назарбаев Сингапур көшбасшысы Ли Куан Юді үлгі тұтушылардың бірі еді. Лидің көшбасшылығы Назарбаевқа саясатты либерализациялаудан бұрын экономиканы күшейту маңызды екенін көрсетті. Бірақ, бүгінде бұл тұжырымның кемшіліктері айқын көрініп отыр.
Do you like it?0
23/08/2019
РИМ – Әлем бұрын-соңды болмаған ірі көлемдегі мәжбүрлі миграцияны бастан кешіп жатыр. Соғыс, табиғи апат және басқа да төтенше оқиғалар 70 миллионнан астам адамды үйлерінен кетуге мәжбүр етті, олардың 26 миллионы босқынға айналды. Олар көбіне ұзақ та азапты сапарға шығады, содан соң қайта өмір бастаудың қамына кіріседі. Бағымызға қарай, бұл босқындарға және олар тұрып жатқан елдердің экономикасына көмектесудің жолдары бар.
Do you like it?0
13/08/2019
ЛОНДОН – Осы күні жұрт “Қалың қалай?” деп сұраса, мен “АҚШ-тағы Дональд Трамптың президенттігін, Брекзитті, Біріккен корольдіктегі ірі саяси партиялар дағдарысын және “Манчестер Юнайтедтің” ойынын есепке алмағанда, халым керемет жақсы” деп әзілмен жауап беремін.
Do you like it?0
29/07/2019
ЖАҢА ДЕЛИ – Балтимордан келген 26 жастағы ер адам 15 және 16 жастағы екі қызды саудаға салып, оларды жезөкшелер ретінде ұсынатын веб-сайттарға жарнамалар орналастырғаны үшін АҚШ-та федералды айыптаумен сотталды . Ер адам 16 жасар қызбен және өзі жезөкшелікпен айналысып жүрген әйелмен бірге мотель бөлмесінде тұрған, сонымен қатар ер адамдар 16 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түсуге келген кезде бөлмеден кетіп отырған. Келесі күні оның клиенттерінің бірі оны құтқару үшін қайтып келіп, оны басқа қалаға, әпкесімен бірге тұруға алып кетті.
Do you like it?0
20/03/2019
МӘСКЕУ – Ресейліктер “ережеге негізделген тәртіп” дегенді естігенде, олар әдетте: “Бұл ережені кім жазады?” деп сұрайды. Іс жүзінде Батыс қолдап жүрген көпжақтылыққа келгенде де Кремль дәл осы сұрақты қояды.
Do you like it?0