Project Syndicate"

29/10/2019

Ғаламдық капитализмді сақтап қалуға бола ма?

Экономикалық мазасыздану саясаты Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттарының электоратын популистер жетегіне салды. Егер жиналған даналық басым болса, экономикалар неғұрлым «қалыпты» ЖІӨ-нің бағамына қайта оралып, өнімділік өсіміне жетуі мүмкін, және көптеген адамдардың өмір сүру жағдайы жақсарып, үкіметке қарсы көңіл-күй кетіп, саясат та «қалыпты» жағдайға оралар еді. Содан кейін, капитализм, жаһандану және демократия өз жолдарын алға жалғастыра алады.
29/10/2019

Жаһанды жайлаған популистік саясат

ПРИНСТОН – Экономикасы дамыған елдерде популизм кең тарап, саяси истеблишмент кері шегіне бастады. Жүйені шайқаймын, не тіпті құлатамын деп уәде берген сырттың адамдары саясатта ірі жеңіске жетіп жатыр. Популистердің жаулары – ұлттық құндылықтарды сатып кеткен «ғаламдық элитаның» мүшелері, және олардың АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп «глобализм» деп атаған бұл үдеріске қарсы күресі әлемдік құбылысқа айналатын тәрізді, әрі ол интернационализмнің өз брендіне тәуелді болмақ.
07/10/2019

Корпоративті салықтар бойынша жартылай өлшемдер жоқ

НЬЮ-ЙОРК – Жаһандану соңғы жылдары ауыр соққы алды және оған негізді себептер бар. Бірақ кейбір сыншылар, мәселен АҚШ президенті Дональд Трамп, Еуропа, Қытай және дамушы мемлекеттер Американдықтардың қазіргі қасіретіне әкеліп соққан Американың сауда келіссөзшілерін жаман мәмілелерге итермелеген деп жалған сыңай танытып жала жауып отыр. Бұл жаласы өте орынсыз: бірінші кезекте жаһандану ережелерін жазған Америка немесе, дәлірек айтсақ, корпоративті Америка болды.
23/09/2019

Баланы қорғау – тұрақтылықты қорғау

НЬЮ-ДЕЛИ – 24-25 қыркүйекте БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі 17 мақсатының орындалуын талқылау үшін әлем басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымының саммитіне жиналды. Бұл – 2015 жылғы қыркүйекте 2030 Күн тәртібін қабылдағаннан бергі тұрақты даму жоспарларын талқылаған алғашқы саммит болды. Содан бері біз бірлесіп анағұрлым бейбіт, қауіпсіз, дені сау әрі бақуатты әлем қалыптастыру жолында үлкен секіріс жасадық. Алайда, өкінішке қарай, біз балаларға қатысты мақсаттардың көбін ұмытып жатқан сияқтымыз, оларсыз 2030 Күн тәртібін орындау алыстағы арман болып қалатын тәрізді.
21/09/2019

Қытайдың бірпартиялы жүйесін қандай дағдарыс күтіп тұр?

CLAREMONT – Қазанның 1-ші жұлдызы , Қытай Халық Республикасының 70 жылдық мерейтойына орай, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин 1949 жылдан бастап Қытай Коммунистік партиясының рекордын(жетістігін) тілге тиек етіп сөз сөйледі. Бірақ, Си Цзиньпин мырзаның айқын сенімі мен оптимизміне қарамастан, ҚКП – ның қатардағы мүшелері режимнің болашақ перспективаларына алаңдаулы – негізді себептермен.