Project Syndicate"

04/11/2019

Адам құқықтарын қорғаушыларға ерекше ескерту

НЬЮ-ЙОРК – Әлем құлдырап барады, бұл үшін көбіне адам құқықтарын қорғау қозғалыстары айыпталады. Диктаторлар мен қылмыскерлер арасында танымал бұл біртүрлі сыни пікір біздің ғасырдың ең басты ерекшелігі – либералдық құндылықтарға жасалған шабуылдан абдырап қалған кейбір құқық қорғаушыларға да ықпал етіп жатыр. Негатив пікір толқынын тоқтатуға қауқарсыз адам құқықтарын қорғаушылар “дағдарыста”, олардың “қолынан ештеңе келмейді” және олардың “күні бітуге таяу” дегенді әлдекімдер құлаққа құйып келеді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помео жақында “адам құқықтары дискурсына” қатысты “жаңа ой” әкелетін топ құрды, бірақ бұл топ негізінен гендерлік теңдік пен репродуктивтік еркіндікке зиянын тигізетін… Продолжить Адам құқықтарын қорғаушыларға ерекше ескерту
01/11/2019

Қытайға бет бұру

ЖАҢА АСПАН (NEW HAVEN) – Мен Йельде «Болашақтағы Қытай» атты курсты оқытып жүргеніме оныншы жыл болады. Бұл курс қазіргі Қытайдың таңқаларлық экономикалық ауысуларына арналған. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі нені уысынан шығарып алғандығы, оның орнына Ескі Қытайға бағытталған соқыр мақсатты жайлы баяндайды (Ескі Американы қайта тірілткісі келетін көшбасшы үшін қолайлы нысан). Трамптың сауда-экономикалық саясатының кереғарлығы және оның әлемдік экономика үшін барлық ықтимал ауыр зардаптары осы тұрақсыздықтың нәтижесі болып табылады.
01/11/2019

Тұрақты даму мақсаттарына қалай жетуге болады?

ПАРИЖ – 2015 жылдың қыркүйегінде Әлемдік көшбасшылар 2030 жылға қарайТұрақты дамусаласында 17 мақсатқа жетуге міндеттелді. Сол кезде Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу үшін тек дамушы елдердің өзіне жылына 2,5 трлн. АҚШ доллары көлемінде қосымша инвестициялар қажет деп бағалады. Таяудағы Халықаралық валюта қорыныңзерттеуі2030 жылға дейінгі кезеңде қажетті жыл сайынғы қосымша шығыстардың шамалас бағаны есептеп шығарды: табысы төмен елдерге шамамен 500 млрд.АҚШ долл. және дамушы елдерге 2,1 трлн. АҚШ долл.
29/10/2019

Трамптың жаңа әлемдік тәртібі

Тарихтың ақырын меңзейтін жайттар көбейді. Еуропадағы коммунизмнің келмеске кеткенін паш еткен Берлин қабырғасы қиратылғанына 27 жыл толғанда Дональд Трамптың АҚШ президенті болып сайлануы оның алдындағы көреген де ақылды басшылар құрып кеткен либералдық халықаралық тәртіпке қауіп төндірді.
29/10/2019

Трампты қолға үйрету

Қазіргі кезде Доналд Трамптың күтпеген жерден сайлауда жеңуімен қатар, оның мемлекетті басқаруына байланысты келесі сұрақ туындайды — ол өзінің сайлау науқанында жарияланған радикалдық популизмді ме әлде прагматикалық, орталықшыл бағытты таңдар ма екен?