Project Syndicate"

30/01/2020

Давостағы тұлға өзгерді ме?

ДАВОС – Осы жылы Швейцарияның Давос қаласында әлемдегі бизнес және саясат майталмандарын бір ортаға біріктірген 50-ші Дүниежүзілік экономикалық форум өтті. Өзім алғаш қатысқан 1995 жылғы форумнан бері біраз дүние өзгерген. Ол уақытта жаһандану эйфориясы, бұрынғы коммунистік елдердің нарыққа өтуге ұмтылуы, жаңа технологиялар барлығына бірдей пайда әкелетін мүмкіндікке толы деген сенім бар еді. Аталған бағдардың басында үкіметпен бірлескен бизнес жүретін.
27/01/2020

Коронавирус Қытайдың экономикалық дамуына кері әсер ете ме?

НЬЮ-ЙОРК – Қытайдың ең ірі әрі транспорттық орталығы саналатын Ухань қаласында басталған жаңа короновирусы төңірегіндегі шу 2003 жылғы атипиялық пневмония немесе ауыр жіті респираторлы синдромы (SARS) кезіндегі тұрақсыздық пен үрейді еске салады. Бірнеше ай қатарынан өсімі жоғарылаған Қытай қор нарығы соңғы уақытта құлдырауда. Жаһандық нарық жүйесінде де көрініс тапқан мұндай үрдіс эпидемия салдарының Қытай экономикасы мен жаһандық экономикалық дамуға тигізетін кері әсеріне алаңдаушылық болса керек. Алайда вирусқа байланысты осыншалықты алаңдауға негіз бар ма?
27/01/2020

Қауіпсіздік құралы жоқ әлем экономикасы

НЬЮ-ХЕЙВЕН – 2019 жылдың толық статистикасы белгілі болғаннан соң әлем экономикасы осы жылы қандай қауіптен құтылғанын түсіне бастадық. Халықаралық валюта қорының соңғы деректеріне сәйкес өткен жылы әлемдік ЖІӨ тек 2,9%-ға жоғарылаған. Бұл әлем экономикасы қаржы дағдарысына ұшыраған 2009 жылдан бері ең төмен көрсеткіш саналады және 2010-2018 жылдардағы дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру кезеңіндегі 3,8%-дық көрсеткіштен әлдеқайда төмен.
09/01/2020

Журналистерді қорлау аяқталуы тиіс

АМСТЕРДАМ – Бес жыл бұрын осы айда Саид пен Шериф Коуачи Charlie Hebdo француз сатиралық журналының Париждік кеңселерін шабуылдап, бірнеше минутқа созылған қастандық әрекет нәтижесінде 12 адамды өлтірді. Келесі күндері миллиондаған адамдар қаза тапқан журналистермен ынтымақтастық білдіру үшін Францияда және басқа елдерде маршпен өтті.
06/01/2020

Касем Сүлеймени өлімі ақталды ма?

МЕЛЬБУРН – Қаңтардың 3-і АҚШ ирандық генерал Касем Сүлейманидің көзін жойды.  Бағдат халықаралық әуежажайынан шыққан көлікте Сүлейманимен бірге “Катаиб Хезболла”-ның ирактық көшбасшысы, Иран қолдайтын қарулы топ жетекшілерінің бірі Әбу Махди әл-Мухандис болды. Көліктегі жолаушылардың барлығы қаза тапқан. Келесі күні өткен арнайы баспасөз брифингінде АҚШ  мемлекеттік департаментінің аты аталмаған өкілі “Сүлеймани 20 жыл бойы Иран террористік шабуылының негізгі ұйымдастырушысы болғанын” әрі “бір өзі Ирактағы 608 американдықты өлтіргенін” мәлімдеді. Сондай-ақ, АҚШ Сүлеймани мен Мухандисті террорист деп танитынын, «бұл екі азаматтың шыныменде қауіпті адамдар қатарынан» екенін айтты. 2003 жылғы АҚШ барлау қызметінің Иракта жаппай қырып-жою… Продолжить Касем Сүлеймени өлімі ақталды ма?