Project Syndicate"

01/06/2020

АҚШ-тағы пандемияға қарсы күрес стратегиясын қайта қарастыру

НЬЮ-ЙОРК – АҚШ-тағы коронавирусқа қарсы стратегияны, нақтырақ айтсақ сол стратегияның жоқтығын сынға алу оңай іс. Жоққа шығару, уақытты шегеру, ішкі саяси келеңсіздіктер, жүйедегі қателіктердің барлығы АҚШ-тағы 100 000 адамның өліміне әкеп соғып, әлеуметтік және экономикалық дағдарысты тереңдете түсті. Наурыз айынан бастап 40 млн жұмысшы, яғни әрбір төртінші адам жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақыға өтініш берген. Ал енді АҚШ азаматтарына мемлекеттерінің мүлдем дайын еместігіне қарамастан «қалыпты» өмірге қайта оралулары керек деп айтып жатыр.
21/05/2020

Қарыздан құтылатын уақыт

HЬЮ-ЙОРК – Covid-19 дағдарысы көптеген жеке және мемлекеттік қарызгерлерді өтеуге күші жете бермейтін борыш батпанына тастайтыны анық. Біз әлі де ұсыныс пен сұраныс жағында өзгерістер қатар орын алатын Кейнсиандық дағдарыс фазасының алдында тұрмыз. Оның соңы жаһандық депрессияға алып келуі мүмкін.  Алайда коронавируспен күрес сәтті аяқталса, үй қожалығы сақтық үшін қор жинаумен шектеліп, ал кәсіп еріксіз капитал шығынымен ғана айналысатын болады. Бұның барлығы жиынтық сұраныстың/Кейнсиандық үдерістің одан әрі құлдырауына апарады. Бюджеттегі дефицит есебінен қаржыланатын, мүмкін болған жағдайда монетизацияланатын мемлекеттік ынталандыру ғана өндірістегі алшықтықты жоя алатын жалғыз құрал болмақ. Әлем бойынша алдыңғы… Продолжить Қарыздан құтылатын уақыт
09/03/2020

Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіне арналған стресс-тест

ЛОНДОН – 25 қаңтарда Чатем-Хаус және Джорджтаун университеті АҚШ пен әлемнің экономикалық саясаты мәселелерін талқылау үшін АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучинді қабылдады. Мнучин Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы кездесуінен тікелей келді, бірақ осы кездесудің басты тақырыбы (“мүдделі тараптардың капитализмі”) басқа ауқымды оқиғалардың көлеңкесінде қалып қойған еді. Коронавирустың (COVID-19) өршуі Қытай үшін өте маңызды мәселеге айналды және көп ұзамай бүкіл әлемге қауіп төндіреді. Қызметтік мансабымда жұқпалы аурулар қатерімен жұмыс істеген адам ретінде мен Давостағы Мнучиннің пікірлерікөңілімнен шықты, онда ол климаттың өзгеруі – бүгінгі таңда әлем алдында тұрған жалғыз саяси проблема емес… Продолжить Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіне арналған стресс-тест
04/03/2020

Коронавирус Қытайдың бір партиялы режимін құлата алады ма?

Клермонт, Калифорния – Жаңа, COVID-19, коронавирустың өршуі Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП) режиміне қауіп төндірді деп болжау күлкілі көрінуі мүмкін, әсіресе, Үкіметтің вирустың таралуын тежеу бойынша агрессивті күш-жігері жұмыс істеп тұрғанда. Бірақ Қытайдың қазіргі заман тарихындағы ең ірі қоғамдық денсаулық сақтау дағдарысының саяси салдарын бағаламау қате болар еді. New York Times сараптамасына сәйкес кем дегенде 760 миллион қытайлықтар немесе ел халқының жартысынан астамы әр түрлі деңгейде тұрғын үй оқшаулауында болады. Бұның жекелеген және жалпылама салдары орасан –  өз атасының өліміне куә болғаннан кейін бірнеше күн үйінде жалғыз қалған  жас баланың жағдайынан бастап өте ауқымды экономикалық… Продолжить Коронавирус Қытайдың бір партиялы режимін құлата алады ма?
05/02/2020

Украинадағы үкімет дағдарысының ұтымды тұсы

ПАРИЖ – 15 қаңтар Украина премьер-министрі Алексей Гончаурктің бірнеше белді тұлғаралармен кездесіп, өзінің және президент Владимир Зеленскийдің экономикадан хабары жоқ екенін айтқан және елдегі экономикалық саясатты сипаттайтын аудиожазба жарияланған. Алайда Зеленский премьер-министр Алексей Гончаруктың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдамады. Шынтуайтқа келгенде, мұндай мини-дағдарыс Украина экономикасының жақсарғанын көрсетті.