Жаңалықтар

14/06/2019

Білім беру саласындағы көлемді мәліметтерді талдап, түсіндіру бойынша жазғы мектеп өз жұмысын бастады

Щучинск қаласында Сорос-Қазақстан қоры Білім беру бастамасының қолдауымен Білім беру саласындағы көлемді мәліметтерді талдап, түсіндіру бойынша жазғы мектеп өтуде.
03/06/2019

Open Budget Fellowship – 2019 байқауының нәтижесі

Бюджет процесінде сапалы диалогты қамтамасыз ету мақсатында Open Budget Fellowship жобасында мемлекеттік қаржы саласының есептілігі, ашықтығы, тиімділігі  мен қоғамдық қатысу бойынша кәсіби мамандар тобын қалыптастыру жоспарланып отыр. 2017 және 2018 жылдары сәтті жүргізілген Open Budget Fellowship тренинг бағдарламасы түлектері жобаларын сәтті жүзеге асырып, қоғам алдында пікір білдіріп жүрген бюджет эксперттеріне айналды.
30/05/2019

Алматыда мүгедек балалары бар аналарға арналған орталық есігін ашты

«Мама Про» әлеуметтік әлсіз топтағы әйелдерді қолдау және дамыту қоры (Нұр-Сұлтан қ.) Алматы қаласында «Мама Про Алматы» филиалының салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Енді оңтүстік астанананың мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналары да бүлдіршіндерін балалар бөлмесіне тәрбиешілер мен психологтардың қарауына тапсырып, кәсіпкерлік негізін меңгеріп, өз білімдерін шыңдауға мүмкіндік алады.
27/05/2019

Білім беру саласындағы көлемді мәліметтерді талдап, түсіндіру бойынша байқаудың қорытындысы

Сорос-Қазақстан қорының Білім беру бастамасы аясында Center for Applied Policy and Integrity (Болгария) орталығымен бірлесе отырып, білім беру саласындағы көлемді мәліметтерді талдап, түсіндіру бағытының әлеуетін арттыруға бағытталған оқу бағдарламасына қатысу үшін қазақстандық зерттеушілерге арналған байқауының нәтижесі анықталды.
24/05/2019

Қоғамдық саясат саласындағы жас зерттеушілерге арналған байқаудың нәтижелері – 2019

“Қоғамдық саясат” бастамасының Сарапшылар комитеті қазақстандық жас зерттеушілерге арналған байқаудың 2019/2020 жж нәтижелерін шығарды. Іріктелген қатысушылар жоба аясындағы семинарларға қатысып, Қазақстан үшін өзекті болып табылатын қоғамдық саясат мәселелері бойынша аналитикалық құжаттарды әзірлейді.