Жаңалықтар

25/11/2019

Адами капитал: теңсіздік. тәжірибе. таңдау.

Алматыда институтционалды реформалар мен адами капитал тақырыбына арналған Ашық экономика форумы (OEF-2019) өтті. Ұйымдастырушысы – Сорос-Қазақстан қоры мен еkonomist.kz жобасы. Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған OEF-2019 жұмысына жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту тәжірибесі бар жеті елдің, атап айтсақ, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Украинаның экономист-сарапшылары қатыcты. Бұл аталған мемлекеттердің барлығы үшін экономиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін институт құру, соның жүйесін қалыптастыру аса маңызды.
31/10/2019

Алматыда 8 қарашада өтетін «Ашық экономика» форумына тіркеу басталды

Биыл “Институционалды реформалар, адами капитал және олардың инклюзивті экономикалық дамуға ықпалы” тақырыбы аясында өтетін өтетін «Ашық экономика» форумының биылғы арнайы қонағы – экономика ғылымдарының докторы, Sciences Po университетінің профессоры, Ресей экономика мектебінің бұрынғы ректоры, Еуропа қайта құру және даму банкінің бұрынғы бас экономисті Сергей Гуриев. Сарапшы транзиттік, дамушы және шикізатты елдердегі тұрақты және инклюзивті экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі институционалды дамудың рөлі туралы дәрісін оқиды, сонымен қатар, форумның панелді сессиясына қатысады.
16/10/2019

Нұр-Сұлтанда ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктері бойынша зерттеудің тұсаукесері өтті

Нұр-Сұлтанда Қолданбалы экономика зерттеулер орталығы Сорос-Қазақстан қоры «Ашық экономика» бастамасының қолдауымен дайындалған «Әлеуметтік осал топтардың бөлек санаты ретінде үкіметтің экономикалық күн тәртібіне енгізу үшін ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктері» зерттеуінің тұсаукесерін өткізді.
02/10/2019

“Білім беру саласындағы инновациялар” байқауының нәтижесі

Білім беру бастамасының сарапшылар кеңесі байқауға келіп түскен 93 сұранымды қарастырып, келесі байқау жеңімпаздарын анықтады:
23/09/2019

Цифрлы құқық және бостандық қорғауға мұқтаж

Алматыда қыркүйек айында «Ok, Google, цифрлық құқық дегеніміз не?» атты бір күндік тренинг өтті. Аталмыш шараны HumanConstanta беларусь құқыққорғау ұйымымен бірлесе отырып Сорос-Қазақстан қоры ұйымдастырды. Цифрлық құқық пен еркіндік тақырыбы төңірегінде тренинг қатысушыларымен сөйлесіп, олардың Қазақстандағы аталмыш жағдай турасындағы пікірін білген едік.