Пікір

21/04/2020

COVID-19: төтенше жағдай тұсында интернет тұтынушы үшін қауіп қандай?

Жақында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова «Smart Astana» мобильді қосымшасының іске қосылғаны туралы хабарлады. «Бұл қосымша үй карантиніндегі адамдардың геолокациясын анықтауға, географиялық орнының өзгергенін бақылауға мүмкіндік береді. Ол үшін қолданушы «Мен карантиндемін» деген функцияны қосу керек. Тіпті, қолданушы ұялы телефонын қалдырып, алысқа ұзап шығып кетсе де, қосымша дабыл қағып, ситуациялық орталыққа хабар береді», – деп атап өтті. Елдегі төтенше жағдай кезінде COVID-19 індетінің таралауын тоқтату үшін мұндай үлгідегі бірқатар жүйе іске қосылуда.
09/04/2020

COVID-19: Қазақстанның цифрлық алаңындағы ахуал қандай?

Әлемдік пандемия, төтенше жағдай, жалпыға міндетті карантин, экономиканың құлдырауы мен тұрғындардың қаржылық қиындыққа тап болуы, жұмыс барысы мен оқу үдерісінің онлайн форматқа ауысуы, жалған ақпараттар «тасқыны», телекоммуникациялық желілердің жаңа жүктемелерге дайын болмауы, тағысын тағылары – Қазақстан үшін биылғы көктем қиындыққа толы болып отырғаны анық. Бұл – билік үшін де, бұқара үшін де әжептәуір сынақ. Қазіргі уақытта болған жағдайды қабылдап, шешім шығаруды және белгісіздік жағдайына бейімделіп, әрі қарай тіршілік етуді үйренудеміз. Бүгінгі күнімізден дұрыс сабақ алғанда ғана болашақтағы «бұлыңғыр» жағдайларға дайын бола аламыз.
12/03/2020

Қазақстандағы дебат қозғалысы. Қалыптасу және кеңінен таралу кезеңі

Дебат қозғалысы оқушылар мен студенттер арасында кең танылғаны соншалық, оның өміршеңдігіне кәміл сенгеніміз рас. Әйтсе де, Қазақстанда пікірталас форматын бірінші болып дамыта бастаған Сорос-Қазақстан қоры екенін бірі білсе, бірі білмес. Біз Сорос-Қазақстан қоры «Дебат» бағдарламасының 1996-2004 жылдардағы үйлестірушісі Бахытнұр Отарбаеваны сөзге тартып, еліміздегі пікірталас мәдениетінің қалыптасуы, дебат қозғалысының бүкіл елге таралуы, тіпті телевизия деңгейіне шығуы турасында сұрап көрген едік.
20/11/2019
Сергей Гуриев, экономист

Отандық журналистер Сергей Гуриевпен кездесті

Алматыда институтционалды реформалар мен адами капитал тақырыбына арналған Ашық экономика форумы (OEF-2019) өтті. Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған OEF-2019 жұмысына жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту тәжірибесі бар жеті елдің, атап айтсақ, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Украинаның экономист-сарапшылары қатыcты. Бұл аталған мемлекеттердің барлығы үшін экономиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін институт құру, соның жүйесін қалыптастыру аса маңызды. Ашық экономика форумының биылғы арнайы қонағы – экономика ғылымдарының докторы, SciencesPo университетінің профессоры, Ресей экономика мектебінің бұрынғы ректоры, Еуропа қайта құру және даму банкінің бұрынғы бас экономисі Сергей Гуриев.
23/10/2019

Ашот Хуршудян: «Зерттеушілер – академиялық орта мен шешім қабылдаушы тараптың арасын жалғайтын алтын көпір іспеттес»

Алматыда қыркүйек айының соңында жас зерттеушілер бағдарламасының тағы бір кезеңі аяқталды. Жоба қатысушылары аралық жұмыстарымен таныстырды. ICPA өкілі – әдістеме бойынша тәлімгер Ашот Хуршудян жас сарапшылардың керегіне жарайтын зерттеудің тың тәсілдері мен қағидалары жөнінде баяндап берді.