Пікір

07/11/2021

«Бізге «біз» туралы кітап қажет»: қазақстандық жазушылар энциклопедиясы қалай жазылды?

Былтыр жыл соңында – Сорос-Қазақстан қорының 25 жылдығына орай тәуелсіздіктің үш онжылдығы ішінде СҚҚ құрған және қолдаған қазақстандық ақын-жазушылар туралы әдебиеттану басылымы қалың оқырманға ұсынылды. Осы кітапты жинақтаушы, қазақстандық автор әрі мәдениеттанушы Юрий Серебрянский бізге берген сұхбатында бұл туындыны дайындау барысындағы қиындықтар туралы, аталмыш кітаптың жыл қорытындысы бойынша үздік отыздыққа қалай енгені және әлеуметтік желілердің жаңа авторлардың әдебиетке қадамына қалай әсер еткені жөнінде айтып берді.
25/10/2021

Ульяна Топоровская: «Әр кейіпкердің тағдыры бүтін бір қоғамның тауқыметін сипаттайды»

Cорос-Қазақстан қорының қолдауымен 23-28 қыркүйек аралығында Алматыдағы «Арман» кинотеатрында QaraFest тәуелсіз фестивалінің деректі фильмдері көрсетілді. Ал 30 қыркүйек пен 9 қазан аралығында qarafilmfest.kz алаңында онлайн-фестиваль өтті. QaraFest бағдарламасында Чили, Түркия, Швеция, Германия, Норвегия, Финляндия, Грузия, Бельгия, АҚШ және Румыниядан 10 туынды көрермен назарына ұсынылды. Барлық фильмдер түпнұсқа тілінде, қазақ және орыс субтитрлерімен көрсетілді.
05/08/2021

«Әкім жергілікті тұрғындарға тәуелді екенін түсінуі һәм түйсінуі қажет»

2020 жылдың қыркүйек айында ҚР Президенті халыққа жолдауында 2021 жылы ауыл әкімдерін тікелей сайлау қажеттігін мәлімдеді. Биыл 25 тамызда Мемлекет басшысының айтқаны ақиқатқа айналып, 730 елдімекеннің тұрғындары алдағы төрт жылға өз ауылына әкім сайлады. Сарапшылар бұл оқиғаның тарихи маңызын атап өтуде, әйтсе де, жергілікті өзін-өзі басқару реформасының тиімді жүзеге асырылуы үшін әлі қыруар жұмыс атқарылуы керек екенін алға тартады.   
16/06/2021

Гүлбадан Закаева: Ұстаздар тек орындаушы ғана емес, олар көшбасы да бола алады

Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы (TLK – Teacher Leadership in Kazakhstan) жобасының стратегиялық тобының мүшесі Гүлбадан Закаева мұғалімдер орындаушы ғана емес, көшбасшы да бола алатынына сенімді. Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен жүзеге асып жатқан аталмыш бағдарлама «ұстаздардың лауазымға тәуелсіз көшбасшылығы» идеясы мен тәжірибесін білім беру жүйесіне таратуға бағытталған бастама болып отыр. Осы ретте,  жобаның мақсаты, маңызы және ерекшелігі жайлы «Бәріне арналған мектеп» қоғамдық білім беру қорының директоры, Стратегиялық топтың мүшесі Гүлбаданмен толыққанды сөйлесуге тырыстық.
04/05/2021

Жанат Нұрғалиев бюджетке қоғамдық мониторинг жүргізудің маңыздылығы туралы

«INTEGRITY ASTANA» ЖМ үкіметтік емес ұйымы «COVID-19: ТЖ жағдайында ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде бюджет қаражатын тиімді пайдалануы мен оның ашықтығына талдау жасап, қоғамдық мониторинг жүргізді. Былтыр Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен жүзеге асқан зерттеу жобасының нысанасына республикалық бюджеттің едәуір бөлігі бөлінетін төрт министрлік алынды: ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі (2020 жылға 4 трлн теңге), ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (1,5 трлн теңге), ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі (500 млрд теңге) және ҚР Сауда және интеграция министрлігі.