27/02/2013
Сорос-Қазақстан Қорының Анна Александрова атындағы гранттық байқауының қорытындысы
13/12/2012
Азаматтардың ақпарат еркіндігіне құқы заңмен қамтамасыз етілуі керек
27/02/2013

«Қазақстандағы жастардың ішкі көші-қоны: Алматы қ. мысалында» атты зерттеудің тұсаукесері

 Алматы, 2013 ж. 12 ақпан  – Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) 2012 жылы Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы мен жүргізілген «Қазақстандағы жастардың ішкі көші-қоны: Алматы қ. мысалында» атты зерттеуінің қорытындысын ұсынады.

«Зерттеу – Сорос-Қазақстан Қорының Қолдау кеңесінің бастамасымен жүргізілді», – деп түсіндірді СҚҚ «Жастар бастамасы» бағдарламасының үйлестірушісі Сауле Меирманова. «Зерттеу – кешенді мемлекеттік саясатты әзірлеуге келешекте негіз болатын Қазақстандағы жастардың ішкі көші-қон процестері мен құрамы туралы эмперикалық мәліметтерді талдауға және жинауға негізделген». Осы зерттеу үшін Қоғамдық проблемаларды талдау орталағымен арнайы методология әзірленіп, 14 пен 29 жас аралығындағы Алматы қаласының 1000 жас көшіп-қонушыларынан сауалнама алынды.

Зерттеудің нәтижесі Алматының жас көшіп қонушылар үшін тартымды қала екенін, алайда үй алу, жұмысқа тұру және білім алу мәселелеріне келгенде жас көшіп қонушылар қиындықтарға тап болатынын көрсетті. Респонденттердің 12,5%-ы ғана Алматы қаласында өзінің тұрғылықты орны бойынша тіркеуге отырған, тіркеу құжаттарының жоқтығынан жас көшіп-қонушылар жұмыссыздар ретінде тіркеле алмайды. Жұмысқа орналасқан респонденттердің небәрі 30,8%-ы келісімшарт бойынша ресми түрде (жалпы іріктеменің 20,3%-ы) рәсімделген және жұмыс беруші оларға ай сайын зейнетақы жинақтау қорына ерікті аударымдарды жүргізіп отырады. Респонденттердің жартысынан көбісі ай сайын 55 мың теңгеге дейін табыс табады.

Жас көшіп-қонушылардың әлеуметтік белсенділігі олардың саяси белсенділігіне қарағанда жоғары. Сонымен қатар қоғамның әлеуметтік капиталын көрсететін сенім білдіру деңгейі өте төмен. Респонденттердің тек 21,6%-ы ғана басқа адамдарға сенуге болады деп санайды. Зерттеушілердің ойынша сенім білдіру деңгейінің осыншама төмен болуы елдің бұдан арғы дамуын шектеп отырған фактор болып табылады. Билік пен азаматтық қоғам институттарына сенім білдіру деңгейі де жоғары болмауда.  Жас көшіп-қонушылардың көбісі діни ұйымдарға (57,9%), кәсіподақтарға (10,8%), саяси партияларға (19%), (20,7%) полицияға және ірі компанияларға (21,.%) сенеді. Респонденттердің небәрі үштен бірі ғана Үкіметке және небәрі төрттен бірі Парламентке, жергілікті билік органдарына, соттарға сенеді.

Қоғамдық проблемаларды талдау орталығының директоры Меруерт Махмутованың айтуы бойынша «Жас көшіп қонушыларды ауылға қайтару саясаты бүгінгі таңда тиімсіз болмақ. Тіркеу мәселелерін шешу, жұмысшы мамандықтарына оқыту және жұмыс орындарын ашу бағдарламасын әзірлеу анағұрлым тиімді болып шығуы мүмкін.  Көшіп-қонушылардың тұрғын үйінің және жұмысының болмауы сияқты өзекті проблемалардың бұдан әрі елеусіз қалуы әлеуметтік проблемалардың шоғырлануы мен халықтың осы әлеуметтік-белсенді бөлігінің маргиналдануына әкеледі».

Толық мәтіні қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған зерттеудің нәтижесі бойынша, Үкіметке және жергілікті атқарушы және өкілдікті органдарына, басқа да азаматтық қоғамның өкілдеріне, халықаралық ұйымдарға арналған ұсыныстар әзірленді.

Қосымша сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар:

Әйнел Кайназарова, СҚҚ Коғаммен байланыс жөніндегі үйлестіруші,

тел.: +7 (727) 258 13 54, ұ/т.: 8 777 244 77 63, e-mail: akainazarova@soros.kz