«Мама Про» әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту Қоры Сорос-Қазақстан Қорының «Ашық экономика» бастамасымен бірге «Ерекше қажеттіліктерге ие балаларды тәрбиелейтін аналардың экономикалық құқықтарын ілгерілетуге арналған коворкинг орталықты құру бойынша нұсқаулық» әдістемелік құралының таныстырылымын өткізді.
Қазақстан өңірлеріндегі әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту орталықтарын құру бойынша әдістемелік құрал және қадамдық нұсқаулық «Мама Про» қоры қызметінің географиясын кеңейтуге және Қазақстан өңірлерінде мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін ата-аналардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға көмектеседі. Іс-шара шеңберінде интерактивті презентация, тәжірибе алмасу және қор қызметіне, ағымдағы және болашақ жобаларға, сонымен қатар «Мама Про» тренингтік орталықтың оқыту бағдарламасына қатысты сұрақтарды талқылау ұйымдастырылды.
«Бүгінде Сорос-Қазақстан Қорымен қолдауға ие болған «Мама Про» тренингтік орталығының бағдарламасын ерекше балалардың 80 анасы өтті. Біздің түлектер оқыту курсын өткен соң өзін-өзі бағалаудың жоғарылағандығын, үлкен мотивация және өзіне деген сенімділікті, сонымен бірге өз материалдық жағдайының жақсарғандығын айтады. Мысалы, біздің курстың табысты түлектерінің арасында оңалту орталығының және кейтерингтік компания негізін қалаушылар, кондитерлер, аспаздар, фотографтар, тігіншілер, бет әрлеушілер, скрапбукерлер және көптеген тағы басқалары бар. Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге мүмкіндік алғандығымызға және ерекше қажеттіліктерге ие балаларды тәрбиелеуші аналарды өз өршіл жоспарларын іске асыруға шабыттандыратындығымызға және ұқсас орталықтарды Қазақстанның басқа өңірлерінде құруға мүмкіндігіміз бар екендігіне қуаныштымыз, – дейді Гүлсім Семенова, «Мама Про» Орталығының директоры.
Қор өз қызметін жоспарлы түрде кеңейтуде және өңірлерде филиалдарды ашуға дайындалуда. Сонымен, ағымдағы жылдың наурыз айында қор міндетіне қосылатын және Қазақстанның басқа облыстарында ұқсас коворкинг орталықтар ашқысы келетін өңірлік лидерлерді жинау жөнінде жарияланды. Нәтижесінде Сорос-Қазақстан Қоры қаржылық қолдауының арқасында Нұр-Сұлтанға келетін және әдістемелік құралмен және орталық жұмысымен толығырақ танысатын ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеуші 5 әйел Алматы, Шымкент, Орал, Өскемен және Қызылордадан таңдалған болатын. Таңдалған қатысушылар Қазақстанның көрсетілген өңірлерінде әйелдерді қолдау және дамыту ұқсас орталықтарын ашуға мүмкіндік беретін, арнайы оқыту курсынан өтті.
“Ресми деректер бойынша, Қазақстанда бүгінде ерекше қажеттіліктерге ие шамамен 80 000-ға жуық балалар бар. Көбінесе, мұндай балалардың ата-аналары өршіл мансаптық жоспарлардан бас тартуға және өз уақытын бала күтіміне арнауға мәжбүр. Мұндай шешім, әрине мансаптық өсуге, кәсіби және өзін-өзі танытуға, сондай-ақ материалдық жағдайына теріс әсер етеді. Осыған орай, дайындалған әдістемелік құралдың және «Мама Про» тренингтік орталығының қызметінің арқасында, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп жатқан көптеген әйелдердің кәсіпкерлік негіздерін, компьютерлік сауаттылықты, бухгалтерлік есепті, стратегиялық жоспарлауды, шешендік өнерді, жеке брендін жасауды және маркетингті білуге мүмкіндік алатындықтарына өте қуаныштымыз. Ата-аналарды оқыту барысында балаларының «Мама Про» қоғамдық қорының балаларға арналған аймағында тәжірибелі педагог-психологтардың қарауында болатындығы өте маңызды,”- деді Рафаэль Жансұлтанов, Сорос-Қазақстан қорының “Ашық экономика” бастамасының үйлестірушісі.