11/10/2012
Паллиативтік көмек жөніндегі халықаралық форум
11/09/2012
Қазақстандықтар Дүниежүзілік хоспистер мен паллиативтік көмек күнін атап өтеді*
12/10/2012

«Соңғы үміт қалғанша …» деректі фильмінің көрсетілімі

2012 жылғы 13 қазанда Дүниежүзілік хоспистер мен паллиативтік көмек күні аталып өтіледі. Дәл осы күнге орай, «Аладдин медиа групп» продюсерлік орталығы «Сорос-Қазақстан» қайырымдылық қоры және «Ашық қоғам» қорларының паллиативтік көмек жөніндегі халықаралық бастамасының қолдауымен дайындалған «Соңғы үміт қалғанша …» («…Пока горит свеча…») деп аталатын деректі фильмді ұсынды.

«Соңғы үміт қалғанша…» фильмі Қазақстан Республикасында паллиативтік көмекті дамыту қажеттілігі мәселесіне қоғамның көңілін аударту мақсатында түсірілген болатын. Фильм авторлары паллиативтік көмектің ұғымына кіретін сан алуан аспектілерді ашып көрсетуге талпыныс жасаған. Фильмде науқастардың, медбикелер мен дәрігерлердің, қоғамдық ұйымдар мен дің өкілдерінің пікірлері келтірілген.

«Адам өмірі, оның әр сәті құнсыз. «Соңғы үміт қалғанша…» фильмі өлім туралы емес, өмір туралы, оның бар маңыздылығы мен толықтығы, паллиативтік көмектің маңызы мен елімізде паллиативтік қызметті дамылсыз дамытатын адамдар туралы», – дейді Сорос-Қазақстан Қоры басқармасының төрағасы Антон Артемьев.

Сорос-Қазақстан Қоры 2008 жылдан бері Қазақстандағы паллиативтік көмекті дамытуға бағытталған бастамаларды бірізді қолдап келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда паллиативтік көмектің Стандарттарын қабылдау, еліміздің медициналық университеттерінде «паллиативтік көмек» арнайы пәнін дайындау және енгізу, сонымен қатар, үй жағдайында паллиативтік көмек көрсету жүйесін дамыту бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылуда.

Көрсетілімге КЕҰ, медициналық оқыту мекемелерінің өкілдері, онкологиялық және хоспистық қызмет қызметкерлері, медициналық ЖОО-ры мен колледж студенттері, Қор мамандары және аталмыш мәселеге немқұрайлы қарамайтын адамдар қатысты.

Аталмыш фильмді жақын маңда Қордың You Tube парақшасынанан көре аласыздар.