MediaNet ХЖО директоры әрі Орталық Азиядағы тұңғыш фактчекинг жобаның жетекшісі Әділ Джалилов Қазақстанда мұндай оқу құралының жарыққа шығуы өте маңызды әрі дер кезінде қолға алынғанын атап өтті. «Елімізде фактчекингенді ғана алғашқы қадамдарын жасап келе жатыр. Ал дезинформациямен күресдүниежүзіндегідей, Қазақстан үшін де өте өзекті» дейді ол.
«Пост-шындық дәуірінде БАҚ пен қоғамға объективті және расталған ақпарат көздерін табуғакөмек беру керек. Сондықтан да бұл оқу нұсқаулығына тек журналистер ғана емес, барша жұртшылық тарапынан сұраныс жоғары болатынына сенемін. Сонымен қатар, бұл нұсқаулық өскелең ұрпақтың ақпаратты сыни қабылдау дағдыларын игеруге және дамытуға септігін тигізеді деп ойлаймын», – дейді Сорос-Қазақстан Қорының Басқарма төрағасы Антон Артемьев.
Нұсқаулық көлемі 100 беттен асады, барлығы 6 тараудан тұрады. Қазақстандық ашық ақпарат көздерінің тізімі берілген қосымшаны Factcheck.kz. ресурсы дайындады.
Кітап авторы кіріспе бөлімде бір жылдың ішінде украиналық фактчекерлер шенеуніктердің 1000-ға жуық мәлімдемесін сараптап үлгергенін айтады. Бұл мәлімдемелердің шамамен 55%-ында шындыққа жанаспайтын дерек берілген және «өтірік» деген үкіммен таңбаланған, 25%-ы – «жартылай шындық», тек 20%-ы ғана «шындық» болып шықты.
«Бұл оқулық атқарылған жұмыс тәжірибесіне тұжырым әдісін терең түсіну мақсатында теориялық базасы жинақталған квинтэссенциясы бола келе, әдістің күштілігін және фактчекингтің мән-жәйін аңғартады.
Бірінші кезекте, фактчекинг – саяси айла-амалды, өзекті әлеуметтік тақырыптарды көтеріп, өз мақсатында пайдалануды көздегендерді әшкерелеуге арналған тиімді құрал. Саясаткерлер мен шенеуніктердің нақты құзыретін көрсететін амал, ашық дерек көздеріндегі деректермен нақтыланған терең зерттеуге арналған негіз, бұл өз кезегінде біреуге іш тарту және әділетсіз деп айыптауға жол бермейді», – деп жазады Александр Гороховский.
Нұсқаулық масс-медиа саласы қызметкерлеріне тегін таратылады. Сонымен қатар, Қазақстанның жоғары оқу орындары кітапханаларына да тегін жолданды.
«Фактчекинг журналистика зерттеуінің тренді: мүмкіндігі мен болашағы» оқу нұсқаулығының қазақ және орыс тіліндегі нұсқасын алдын ала өтініш беру арқылы тегін алуға болады.
Кітап таралымы шектеулі.