24 маусым, 2015, сағатта 10.00-да «Психоаналитикалық қауымдастығы» ҚБ-гі Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен, Алматы қаласының психоневрологиялық интернат-үйінің денсаулығында психикалық проблемалары бар жастар істейтін дәмхананың ашылуына шақырады.
Бұл жобаның мақсаты «Тренинг кафеде» жұмыс істеу арқылы психикалық проблемалары бар жастар үшін еңбек құқығын қамтамасыз ету болып табылады.Үш ай ішінде, мамандар мен еріктілердің шағын тобының қолдауымен, қатысушылар қызмет көрсету саласындағы мамандықтарды қарқынды түрде игеріп, жүзеге асырады.
Қазақстанда психикалық проблемалары бар адамдар үлкен жабық мекемелерде немесе үй жайында қамалып отырады; тек кейбіреулері ғана білім беру және әлеуметтік оңалту қызметтеріне қол жеткізе алады. Осы адамдарға қарсы стигма және кемсітушілік кең таралған.Қазақстан Президенті Н. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүмкіндіктер, бір болашақ» жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты: «Біз оларды белсенді өмірге еліктіреміз, олар жай ғана жәрдемақы ала қоймай, өздерін қоғам мүшесі, пайдалы қызметкер ретінде танитын болады»,- деп атап өтті.
“Психикалық проблемалары бар жастармен жұмысымыздың үлгісі мемлекет және қоғам тарапынан кішігірім әрекет ету арқылы мұндай адамдардың қоғамға қосу мүмкін екендігін көрсетеді.Жанжал, жазатайым оқиға және төтенше оқиғаларға байланысты БАҚ-та шығып жататын материалдардың бір бөлігі кездейсоқ немесе кемсітушілік сипатқа ие болып, мүмкіндігі шектеулі жандар туралы стереотиптердің таралуына алып келеді. Осы тақырыпта жағымды жаңалықтар аз, сондықтан біз үшін БАҚ өкілдерінің қолдауы өте маңызды”, – дейді Психоанализ институтының директоры және жобаның үйлестірушісі Анна Құдиярова.
“Біз үшін бұл жоба осы жылы қолдаған ең қызықты және инновациялық жобалардың бірі болып табылады”, – дейді Сорос-Қазақстан Қоры “Баршаға ашық қоғам” бастамасының үйлестірушісі Айнұр Шәкенова. – Сонымен қатар, осындай дәмханалар көптеген елдерде бар, мемлекет, бизнес және ҮЕҰ арасындағы серіктестіктің өте табысты үлгісі болып табылады. Жоба жан-жағынан алғанда ұтымды, әсіресе біздің бенефициарлар үшін,олар өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, тәуелсіз және еркін түрде өмір сүруге мүмкіндік алады”.
Мекенжайы: Алматы қ., “Тренинг кафе” Клубы, Айманов к-сі, 202
Уақыты:
11.00-12.00 Сорос-Қазақстан Қоры және БАҚ
12.00 – 13.00 ҮЕҰ
13.00-15.00 – Келушілер / Facebook алаңындағы достар
Сіз сатып алған әр бір кесе шай/кофе біздің ерекше қызметкерімізді қуанышқа бөлентеді!
Қосымша сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
Мадина Қали – (727) 376-94-40 ,
Светлана Кудиярова – 8-701-439-18-30