19/09/2013
Шығыс Еуропа мен ОА оральді опиоидтік анальгетиктердің қол жетімділігін арттыру
23/05/2013
Таня Бурдет: Жұртшылық шешім қабылдау процесіне қатысуы керек
15/01/2014

Максвелл Уотсон: Адамдар өмірден қиналып өтудің дұрыс еместігін түсінуі керек

Алматыға профессор, медицина докторы Максвелл Уотсон келіп, қазақстандық дәрігерлер үшін паллиативтік көмек көрсету бойынша бірапталық курс өткізді. Еуропа мен Азияның бірқатар елдерінде сертификатталған паллиативтік көмек бойынша курсты дайындаған Максвелл Уотсон мырзамен Сорос-Қазақстан қорының «Құқықтық реформа» бағдарламасының үйлестірушісі Айнұр Шакенованың кездесіп, Қазақстанда паллиативтік көмек көрсету жағдайын талқылауға мүмкіндігі болды.

Айнур Шакенова: Максвелл, «паллиативтік медицина дәрігері» саласын неге таңдадыңыз?

Максвелл Уотсон: Мен ұзақ жылдар Непалдың ауылдық аймақтарында миссия докторы болып жұмыс істедім. Күн сайын ауруын жазатын өмірде жоқ дәрі-дәрмекті іздеп табу үшін уақытын, ақшасын жаратуға даяр, төзгісіз аурудан жаны қиналған, жазылмайтын ауруға шалдыққан емделушілерді көретінмін. Міне сол кезден бастап  мен өмірінің соңында емделушілерге өздерін жағымды сезініп, ауруымен қиналмай лайықты өлуге мүмкіндік беретін паллиативтік медицина қызметінің қаншалықты маңызды екендігін түсіндім.

АШ: Қазақстандағы паллиативтік көмекті қалай бағалайсыз?

МУ: Өзге көптеген елдердегідей Қазақстанда паллиативтік көмек айтарлықтай жақында ғана дами бастады. Бұл жерде күшті әрі жақсы дәстүрлер бар – отбасылар өздерінің ауру және қартайған, хал үстіндегі туысқандарына қамқорлық көрсетеді. Бұл –  хал үстінде жатқан жандардың өлім алдында бірнеше ай эмоционалдық және рухани қолдау алатындығын көрсетеді. Бірақ сіздерде осындай емделушілерді өмірінің соңында жеткілікті көлемде ауруды жеңілдететін және сәйкесінше симптомдарды алатын дәрілермен қамтамасыз ету үлкен қиындық болып табылады. Емделушілер аудандық дәріханадан қаншалықты деңгейде алыс тұратындығына қарамастан өздерін максималды тұрғыда жағымды сезінгені маңызды. Оған қол жеткізу оңай емес, бірақ мүмкін.

АШ: Дәрігерлердің күші мен уақытын емделмейтін адамдарға жұмсағанша  емделетін адамдарға жұмсаған жөн емес пе?

МУ: Ганди ұлт туралы ауру мен хал үстінде жатқан адамдарға қамқорлық көрсеткеніне қарай пікір қалыптастыруға болады деген. Мен онымен толық келісемен. Бәрімізі ерте ме кеш пе өлеміз. Осы тұрғыдан қарағанда да өмірінің соңына дейін өзіңе деген құрмет сезімін сақтау үшін қатты аурудан және сәйкесінше симптомдардан қиналмас үшін қызмет пен ауруды жеңілдететін дәрінің маңыздылығы туралы ойлануымыз керек.

АШ: Десек те, Қазақстан рактың соңғы кезеңінде ауруды жеңілдету үшін қажет опиодты анальгетиктерді өте аз қолданатын елдердің бірі.

МУ: Қазақстандықтар өздерінің хал үстінде жатқан туыстарына қамқорлық көрсете алады, бірақ негізгі ауруды басатын дәрілерге АҚШ немесе Еуропа елдерінің емделушілері сынды қол жеткізе алмайды. Морфин сіздерде инъекциондық және пластырь түрінде ғана қолжетімді, ал олар өте қымбат. Мәселен, Ұлыбританияда арзан дәрі (таблетка) түріндегі морфин қолданылады, яғни әр емделуші үйде отырып-ақ өз ауруын қадағалай алады. Мен аурудан жаны қиналып, жан дауысы шығатын емделушілерді талай көрдім, бірақ бұл жағдай сіздердің ақшамен небәрі 10 теңгені құрайтын дәрі түріндегі морфинді қабылдағаннан кейін бірден өзгеріп шығады.

Адамдар қиналып өлудің дұрыс еместігін түсінуі керек. Мен өлейін деп жатқан адамдарды талай көрдім. Сондықтан қадағаланбайтын аурудың емделушіге ғана емес, отбасы мүшелеріне де қалай әсер ететінін жақсы білемін. Не дейсіз, тіпті, көрші үйде жаны қиналғаннан жан даусы шығатын емделушінің даусын естіген көршілер де үлкен күйзеліске түседі.

АШ: Қазақстанға паллиативтік көмектің халықаралық стандарттар деңгейінде көрсетілуі үшін не істеу керек? 

МУ: Ол үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) үш негізгі қадамдарды ұсынады:

Біріншіден, қоғам мен медицина қызметкерлерінің паллиативтік көмек туралы білім деңгейін көтеру керек.

Екіншіден, елде паллиативтік көмекті дамыту бойынша ұлттық стратегия болуы керек. Стратегияда мемлекет хал үстінде жатқан азаматтарына паллиативтік көмекпен қамтамасыз ету және қасіретін жеңілдету бойынша міндетті өз мойнына алады.

Үшіншіден, ДДҰ-мен паллиативтік көмек көрсету бойынша ұсынылған негізгі дәрі-дәрмектер, соның ішінде дәрі түріндегі морфин қажет болған әр емделушіге қолжетімді болуы керек.