28/06/2013
Алматыда қысқаметражды әлеуметтік киноның көрсетілімі өтеді
29/04/2013
Баспасөз мәлімдемесі «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасының қоғамдық мониторинг нәтижелері таныстырылды
25/07/2013

Паллиативтік көмек бойынша алғашқы ақпараттық портал іске қосылды

Қарағанды, 2013 жылғы 28 маусым – Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық көмегімен «Адамгершілік» паллиативтік және әлеуметтік көмек көрсететін ерікті жастар орталығы» Қоғамдық бірлестігі паллиативтік көмек бойынша республикалық ерікті жастар жүйесіне арналған Қазақстандағы Бірінші ақпараттық порталын іске қосты.

Ақпараттық портал паллиативтік көмек саласындағы іс-шаралар туралы уақытылы және дәл ақпарат тарату, пікір алмасу, білім беру материалдарын, видеороликтер мен суреттерді, сонымен қатар аймақтағы еріктілерді іздеуге арналған хабарландыруларды орналастыру үшін интерактивті алаң қызметін атқарады.

«Паллиативтік көмек көрсетуде еріктілерді қоса алғанда, барлық бей-жай емес адамдар арасындағы әрекеттерді үйлестіру және ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету маңызды. Осы ретте, онлайн ресурсты іске қосу бастамасын қуана қарсы алдық. Бұл – паллиативтік көмек бойынша қоғамды ақпараттандыру жұмысын арттыруға көмектеседі деген сенімдеміз», – деді Сорос-Қазақстан Қоры «Құқықтық реформа» бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошакбаева.

Қазақстанда бірқатар ірі еріктілер ұйымдарының әрекет ететініне қарамастан, бүгінгі күнге дейін паллиативтік көмек көрсетуге бағытталған мамандандырылған ерікті ұйымдар болған жоқ. «Адамгершілік» ҚБ паллиативтік көмек көрсету, халықтың ақпараттылығын арттыру, емделуші мен туыстарына қолдау көрсету, сонымен қатар республика бойынша еріктілер жүйесін кеңейту бойынша өте дәл және жүйелі жұмыс жүргізуде. Портал Сорос-Қазақстан Қоры мен Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Университетінің қолдауымен былтыр өткен ерікті-студенттерге арналған республикалық жазғы  мектептің логикалық жалғасы болды. Мектеп түлектері бір-бірімен әлеуметтік желілер мен жеке хат алмасулар арқылы қатынасып, өз аймағында еріктілер қозғалысын қалай жақсы ұйымдастыру керектігі туралы пікір алмасып отырады.

«Бүгінгі күнге дейін өткізілетін іс-шаралар, бар мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы ақпарат ауқымды жұртшылыққа және ең алдымен ерікті болуды қалайтын адамдарға қолжетімсіз болып келді. Ақпараттық портал осы келеңсіздіктің орнын толтыру үшін құрылған болатын. Сөз жоқ, бұл сайт паллиативтік көмек туралы халықты ақпараттандырудың артуына ғана емес, сонымен қатар еріктілер базасын ұлғайтуғы және еріктілер жүйесін нығайтуға көмектесетін болады», – дейді Қоғамдық Бірлестік директоры Дарья Дороган.

Ақпараттық порталдың тұсауы ректорат залында сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін «Паллиативтік көмек және мейірбикелік күтімнің қазіргі заманғы аспектілері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясындағы дөңгелек үстел барысында кесілетін болады.