Биыл “Институционалды реформалар, адами капитал және олардың инклюзивті экономикалық дамуға ықпалы” тақырыбы аясында өтетін өтетін «Ашық экономика» форумының биылғы арнайы қонағы – экономика ғылымдарының докторы, Sciences Po университетінің профессоры, Ресей экономика мектебінің бұрынғы ректоры, Еуропа қайта құру және даму банкінің бұрынғы бас экономисті Сергей Гуриев. Сарапшы транзиттік, дамушы және шикізатты елдердегі тұрақты және инклюзивті экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі институционалды дамудың рөлі туралы дәрісін оқиды, сонымен қатар, форумның панелді сессиясына қатысады.
OEF-2019 жұмысына жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту тәжірибесі бар 7 елдің, яғни, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Украина экономика саласы бойынша сарапшылары қатысады. Аталмыш мемлекеттердің барлығы үшін ілгерідегі экономикалық дамуды қолдау мақсатында институттарды құру өзекті міндет болып табылады.
OEF-2019 спикерлері – халықаралық және отандық сарапшылар – Қазақстандағы институционалды реформалар мен тұрақты экономикалық дамудың өзара байланысын қарастырып, Қазақстандағы экономикалық және саяси бәсекелестік маңызын талқылайтын болады. Олар «ауқатты және бақытты болу үшін әр қазақстандық азаматқа қанша қаражат керек» деген көкейтесті сұраққа нақты жауап береді және Қазақстаннан өзге елдерге ой жылыстауын тоқтату мәселесі бойынша өз болжамдарын ұсынады.
OEF-2019 ұйымдастырушылары – Сорос-Қазақстан қоры және Ekonomist.kz онлайн жобасы. Форум өтетін орын Intercontinental қонақүйі (Желтоқсан к.,181).
Форумға тіркеу және аккредиттеу: https://ekonomist.kz/oef-2019/registration/