Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын әлем тұрғындарының шамамен 24 миллионы паллиативтік көмекке мұқтаж. Олардың 66%-ы 60 жастан үлкен.
Паллативтік көмектің (фр. Palliative және лат. Pallium – жамылғы, бүркенгіш негізгі мақсаты) – науқас пен оның отбасына медициналық, әлеуметтік, рухани және психологиялық қолдау көрсету арқылы науқасқа мүмкін боларлық деген ең жоғарғы өмір деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.
Хоспистер мен паллиативтік көмекке деген қажеттіліктің өсіп жатқанына қарамастан, бұл қызметтер әлі күнге дейін әлем елдерінің 42 %-да жоқ.Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) басқармасының төрағасының айтуынша: «Соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстанда паллиативтік көмек туралы мәселелер айтарлықтай деңгейге алға жылжыды. Алайда бұл қызметтің барлық мұқтаж жандарға қолжетімді болды деп айту әлі ерте. Билік өкілдері, дәрігерлер, қоғамдық сектор, діни қызметкерлер мен еріктілердің – көптеген тараптардың көмегі қажет».
Биыл 2012 жылғы 13 қазан күніне түсіп отырған Дүниежүзілікхоспистер мен паллиативтік көмек күніне орай әлемнің 60 елінен мыңдаған адам хоспистер мен паллиативтік көмек тақырыбына назар аударту үшін 1000-нан астам шара өткізеді. Қазақстандық қоғамдық ұйымдар мен паллиативтік көмек көрсету мәселелсіне бей-жай қарамайтын адамдар да бұл шарадан тыс қалмақ емес:
Сорос-Қазақстан Қоры паллиативтік көмек көрсету саласындағы жұмысын «Қазақстан Республикасындағы паллиатвитік көмек» атты зерттеулік жобасын іске қосудан бастап, 2008 жылдан бері жүргізіп келеді. 2011 жылы Қор «Үй жағдайында паллиативтік көмек көрсету» және Қазақстанда паллиативтік көмек көрсетудің ұлттық Стандарттарын дайындау бойынша жобаларды қолдады. 2012 жылы СҚҚ паллиативтік медицина саласында жұмыс істейтін және біліктіліктерін көтеруге ниет танытқан дәрігерлер мен медбикелер үшін жол гранттарына байқау жариялады.
СҚҚ Қазақстанда паллиативтік қызмет жүйесін дамыту саласында жұмысын жалғастыра береді және асқынған ауруы бар адамдар мен олардың отбасына өмір сүру сапасын жақсарту үшін бірігуге шақырады.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі қызметкерлерге хабарласа аласыздар:
Айжан Ошақбаева және/немесеАйнұр Шакенова
Сорос-Қазақстан Қоры «Құқықтық реформа» бағдарламасының үйлестірушілері
+7 727 2581354
Email: press@soros.kz