Биылғы жылдың 6 қыркүйегінде Астанада болып өткен ТМД елдерінің 7-ші онкологтар мен радиологтарының құрылтайында ҮЕҰ, практикалық денсаулық сақтаудың, медициналық ғылымның, медициналық ұйымдардың өкілдері және денсаулық сақтау басқармасы органдарының өкілдері азаматтық қоғам институттарының назарын онкологиялық науқастарды емдеудің қол жетімділігі мен сапасын арттыруға аударған болатын.
Айта кететіні, бүгінде Қазақстанда қатерлі ісік ауруларымен күреске үлкен мән берілуде: Елбасының саяси еркі де бар, Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінде қатерлі ісікпен күрес бағадарламасы көрсетілген.
Нәтижесінде өзге мемлекеттермен салыстырғанда біз қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды емдеу шараларының, сондай-ақ қатерлі ісікке қатысты скринингілік зерттеулердің, сонымен қатар қымбат химиялық емнің тегін жүргізілуіне қол жеткіздік. Бұл жағдайда бастапқы медициналық-санитарлық көмектің (БМСК) басымдылығы аурудың алдын алу мен оны ерте бастан анықтау ісінде дау тудырмайтын фактор болып табылады.
Алайда мінсіздікке шек жоқ, мұны әсіресе біздің өзіндегі адамдардың сұранымдары мен мемлекеттің мүмкіндіктерін теңгерімдеуге болатын елдердің бірінде тұрып жатуымыздың тұрғысында түсінген жөн болады. Дегенмен, Қазақстанның қатерлі ісік ауруларымен күресте қол жеткізген жетістіктерінің барлығына қарамастан осы саладағы шешімін таппаған проблемалардың жүгінен иығымыз әлі жеңілдей қоймаған.
Денсаулық сақтау жүйесін мамандармен қамтудың жетіспеушілігі; онколог-дәрігерлер мен БМСК дәрігерлерінің жетіспеушілігі; қазіргі практикалаушы дәрігерлердің біліктілік деңгейінің төмен болуы –шешімін таппаған тізімдегі мысалдардың бірі. Басқа да проблемалар бар.
Бастапқы медициналық алдын алу көмегінің басымдылығын жариялай отырып біз пациенттердің ісі ауруларын ерте бастан диагностикалап отырудың қажеттігі жайлы хабардар болу дәрежесіне жеткілікті мөлшерде көңіл бөлмей келеміз. Мұның жағымсыз жағы сол, пациенттер өздерінің денсаулығы үшін дәрігерлер мен мемлекеттің жауапкершілікте болады деген нанымнан, патернализмнен арыла қоймаған. Сөйтіп барлығын кінәлап отырады.
Тегін ем ұсыну мен скринингілік зерттеулер саласындағы қол жеткізген жетістіктермен қатар түрде біз қатерлі ісік ауруының ақырғы сатысындағы пациентке өмірден қалайша жеңіл кетуге көмектесуге болады деген сауалды елеусіз қалдырып отырмыз. Онкологиялық науқастарға паллиативтік көмек ұсынған кезде біз заманға сай тиімді ауруды басатын құралдарды, мысалы арнайы жабысқақ жолақты қолданудан гөрі морфиндік препараттардың тобына көбірек сүйеніп отырамыз. Біз әлі де өзін денсаулыққа зиянын тигізусіз ары кеткенде 10 күн бойы ғана қолдануға болатын «Промедол»-мен «отырмыз». Нәтижесінде науқастың мүддесі ескерусіз қалып отырады.
Тағы бір мәселе–хоспистердің жеткіліксіз саны, ең бастысы қазақстандық пациенттердің ділдігін ескерумен үйден паллиативтік көмек көрсетудің деңгейі. Мысалы, тіпті АҚШ-тың өзінде терминальді сатысындағы науқастардың 90%-ы ақырғы күндерін үйінде өткізуді көздеуде. Қазақстан үшін оның халқының ділімен, әсіресе ауылды жерлерде тараған отбасы ғұрыпымен үйінде, жақындарының арасында қайтыс болу ойын, менің пікірімше, еліміздің халқының 99,9%-ы қолдайтын болады. Сол себептен, жекелеген инфрақұрылымдар ретінде хоспистердің маңызын төмендетпей отырып, хоспистік ұйымдарды медицина қызметкерлерінің, әлеуметтік қызметкерлердің және еріктілердің үйден көрсететін көмегі ретінде дамытуға ерекше көңіл бөліп отыру керек.
Ісік ауруына шалдыққан науқасқа сапалы паллиативтік көмек көрсетудің алдын-ала ойластырылмауы ауруды басатын морфиндік препараттарды ұсынудың шектелуіне әсерін тигізуде. Есірткімен күресумен біз бекітілген стандарттарға сүйене отырып науқастың мүддесі жайлы ұмытып кетеміз, біз дәрігер-пациентқатынастарындағы гуманистік принциптерді ұстанбаймыз. Сол арқылы біз пациентті соның ауруымен жалғыз қалдырамыз, ал дәрігерлер олардың пациенттің мүддесі үшін әрекет етуіне мүмкіндік бермейтін қатқыл шеңберлердің тұтқынына айналады.
Морфиндік препараттарды сақтап және беріп отыра алатын медициналық емдеу мекемелерінің тізімін белгілеумен біз халқының тығыздығы төмен және жері кең Қазақстан үшін қол жетімділіктің басты мәселе болып табылатынын естен шығарып аламыз. Соның нәтижесінде пациенттерге не төсек тартып жатқан науқастардың туыстарына қажетті препараттың екі-үш күндік мөлшерін алу үшін ұзақ қашықтықтарды еңсеріп, жол жүруге қосымша қаражат жұмсап отыруға тура келеді. Мұндай жағдайда дәріні неғып бір ай бұрын бермеске ? Пациент те, соның айналасындағы адамдар да, өздеріне артық жазба жазу мен қосымша жауапкершілік жүктелген медицина қыметкерлерінің өздері де зардап шекпей ме.
Егер жоғарыда аталғандарды жиынтықтайтын болсақ, біздің онкологиялық аурулармен күрес жүргізу мәселелерінде қол жеткізген жетістіктерімізбен қатар шешімін таппаған бірқатар мәселелер орын алуда:аурудың алдын алу және ерте бастан анықтау, емдеудің сапасы мен қол жетімділігі мәселелері, аурудың ақырғы терминальді сатысындағы паллиативтік көмек түріндегі оңалту және тіршіліктің сапасын қамтамасыз ету мәселелері шешілмеген.
Бізге осы мәселелердің тізбегін қамтып, және проблемалары шешу үшін үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен медицина қызметкерлері серіктесе отырып жұмыс істеуі тиіс. Бұл жағдайда бұл стратегияның басты тармағына екі жақ тараптың қызмет салаларының наұты бөлінуі жатады. Бізге кәсіби шеберлік және осы бір маңызды тармақты түсіну жетпей жатады – бүгінгі күні ол дауасын табуы қажет дерттеріміздің біріне айналды.
Сонымен, стратегияқандай болуы тиіс?
Менің ойымша ҮЕҰ-лар салауатты өмір салтын насихаттау, халықтың арасында жыл сайынғы тексерулерден өтіп отырудың қажеттігі туралы, денсаулық саласындағы құқықтар туралы ақпаратты тарату мәселелерінде баға жетпес көмегін тигізе алады. Бұл жобаларды ҮЕҰ-лар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырып отыра алады.
Науқастарды емдеудің сапасы мен қол жетімділігі мәселесіне қатысты ҮЕҰ-лардың атқаратын қызметі тексерулерді жүргізуге емес, мониторинг және талдау жүргізуге негізделген. Науқастарды тексеру, менің пікірімше, коммерциялық емес сектордың айналысатын саласы емес. Біздің миссиямыз жағдайды азаматтардың шағымданулары арқылы емдеудің сапасы мен қол жетімділігіне қатысты талдауға, зерттеуге негізделген.
Науқастарды оңалту – медицина, әлеуметтік қызметкерлер менпсихологтардың саласы, ҮЕҰ-лар өздерін сапалы паллиативтік көмекті еріктілерді, әлеуметтік қызметкерлерді даярлау арқылы ұйымдастыру ісінде өз-өзін көрсете алады. Егер біз осы қызмет салаларын өзара нақты бөлсек, онда онкологиялық науқастарды емдеудің қол жетімділігі мен сапасын арттыру саласындағы жұмысты күшейтетін боламыз және сол арқылы шешілмеген проблемалардың тізбегін шешетін боламыз.
БахытТуменова
«Аман-саулық»ҚҚ Президенті