23/08/2012
Білім берудің мемлекеттік жинақтаушы жүйесі туралы
10/06/2011
Азаматтық қоғам институттарының онкологиялық науқастарды емдеудің қол жетімділігі мен сапасын арттыру ісіндегі рөлі туралы
26/09/2012

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуға көшу үдерісі туралы

Қазақстанда тұрақты даму принциптерін ендірумен тек халықаралық ұйымдар ғана зер сала айналысатыны құпия емес. Олардың жұмыс көлемі кеңес беру сипатындағы көптеген түрлі шараларды қамтиды: мемлекет органдарымен бірлескен түрде даму жоспарларын әзірлеуден бастап конференциялар мен түсіндірмелеу семинарларын өткізуге дейін.

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуға көшу процесіне тәуелсіз сарапшылардың бағасын алу үшін «Эксперт Казахстана» басылымы «Сорос-Қазақстан»қ орының «Мемлекеттік қаржының ашықтығы» бағдарламасының директоры Жәнібек Хасанға бірнеше сауал қойған болатын.

— Жәнібек, сіздің байқауыңызша, ҚР-дағы тұрақты дамуға деген жүйелі тұрғы неден байқалуда? Қандай компаниялар тұрақты даму принциптеріне сүйенумен жұмыс істеп және құруда?

— Экономикасы дамыған елдердің өзіндік клубы болып табылатын Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (ЭЫДҰ) көптеген елдерінде бірнеше оңдаған жылдарға арналған, тіпті 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімді болжамдар мен даму стратегиялары жарияланып отырады. Бұл құжаттар сол не өзге дәрежеде тұрақты даму принциптеріне негізделуде. Қазақстанда, 2007—2024 жылдарға арналған ҚР-ның тұрақты дамуға көшу тұғырнамасын санамағанда, қазіргі сәтте мұндай жалпыұлттық болжамдар не стратегиялар жоқ. Ағымдағы жылдың ақпан айында «Коммерсантъ» газетіне берген сұхбатында «Самұрық-Қазына» қорының жаңадан сайланған басшысыӨмірзақ  Шүкеев ХӘҚ-да даму стратегиясының әлі әзірленбегенін мойындаған болатын. Аталмыш стратегиялық құжат онжылдық мерзімге арнап әзірленеді деп жоспарлануда. Менің ойымша, мұндай құжат міндетті түрде тұрақты даму тұғырнамасына негізделіп және БҰҰ-ның тұрақты даму критерийлеріне сай болып отыруы тиіс. Тұтастай алғанда Қазақстандағы ұлттық компаниялардың қызметі жүйелік емес, көбірек жобалық сипатқа ие деуге болады.

— Басты қазақстандық компаниялар шолуда ұсынылған әдістерді қаншалықты терең түсінуде?

— Компаниялар мұны ұғынады, алайда 5 жылдық жобаны жүзеге асыру бұл бір шаруа да, жобаның экономикалық, әлеуметтік және қоршаған ортаға ұзақмерзімді келешекте тигізетін ықпалын мұқият талдау мүлде басқа мәселе. Меніңше, қазақстандық ұлттық компаниялардың топ-менеджментіне кәсіпорындардың республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін орасан зор маңызын ескерумен солардың ұзақмерзімді дамыту жоспарларын әзірлеу ісіне кіріге бастау қажет.

—ҮИИДМБ шеңберінде іске қосылып отырған кәсіпорындар тұрақты даму принциптеріне қаншалықты сай келеді?

— Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мен ҮИИДМБ бағдарламасына «тұрақты даму» ұғымы енгізілген. Алайда жеке түрде алғандағы әрбір жобаның қоршаған ортаға төмен әсер ету талаптарына қаншалықты сай келетіні аса күрделі мәселе. Қаралуға жататын және бюджеттік қаражаттың есебінен қаржыландырылуы жоспарланған жобаларға баға беру процесі барынша айқын болуы тиіс. Баға беру әдіснамасына сәйкес әрбір жобаға оның тұрақтылығы, экологиялық қауіпсіздігі мен өзге критерийлері бойынша белгілі бір ұпайлар қойылып отырады. Бұл көрсеткіштерді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының сайтында жайғастырып отыруға болар еді.

— Қазақстанда «жасыл» инвестициялардың жағдайы қалай?

— «Жасыл» экономика тұрақты даму тіректерінің бірі болып табылады. Оған қоса кейінгі инвестициялық жобалар қоршаған ортаға деген ұқыпты көзқарастың көрсеткіштерін байқатпайды. Мысалы, электроэнергетикасекторында электрқуатының 70%-дан астам бөлігі көмірдің есебінен қамтамасыз етілуде. Стратегиялық бағдарламаға сәйкес бұл көрсеткіш жақын жылдары елеулі мөлшерде азая қоймайды. Өкінішке орай, стратегиялық құжаттарда «жасыл» экономиканың үлесін арттыру туралы ережелердің бекітілгеніне қарамастан осы онжылдық «қоңыр» экономика туының астында өтетін сыңайлы. «Жасыл» экономика бойынша бастамаларды ілгері жылжыту саласындағы пилоттық жобалардың басым көпшілігі халықаралық даму ұйымдарының, мысалы БҰҰДҰ мен өзге де ұйымдардың тарапынан қолдау көруде.

— Қазақстандағы МЖС механизмі қандай күйде, оның нақты даму әлеуеті қандай?

— Қазақстандағы МЖС-ның даму әлеуеті жоғары. Елімізде мықты қаржылық және өнеркәсіптік топтар бар. Алайда пайда алудың, заңнамалық тұрақтылықтың белгілі бір кепілдіктері, институттардың нығаюы, әкімшілік тосқауылдардың азаюы және өзге де көптеген факторлар қажет. Үкімет пен жекеменшік компаниялардың «мемлекет – инвестор» байланысындағы қатынастарының ашықтығы мәселесі өзекті болуда. Мемлекет пен инвестордың арасындағы қатынастардың екіжақты сипатқа ие болып отырғанына қарамастан қоғам сонымен қатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі болуда. Келісімшарттарды жасасу, тендерлік сатып алулардың рәсімдері мен процесінің ашықтығы және уәкілетті мемлекет органдары мен квазимемлекет секторындағы компаниялардың жоғары дәрежедегі есеп берушілігі қоғамдық қолдаудың деңгейін, яғни, келісімдердің заңдылығын арттыруға мүмкіндік беруде.