03/12/2015
Қазақстан Республикасы «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заңның қабылдануы бойынша Сорос-Қазақстан қорының мәлімдемесі
23/11/2015
Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялау күніне жыл толуына орай
23/02/2016

“Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңының қабылдануына байланысты Сорос-Қазақстан қорының мәлімдемесі

Сорос-Қазақстан қоры “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы заңының қабылдануына байланысты өз өкінішін білдіреді.

Аталмыш заң көптеген азаматтық қоғам өкілдерінің заңның қисынсыздығына байланысты оны қабылдамау туралы жолдауларына қарамастан қабылданды. Біз, көпшіліктің аталмыш заң үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне шамадан тыс бақылауды орнатуы мүмкін деген пікірін бөлісеміз.

Сорос-Қазақстан қоры аталмыш заңды қолдануда  тәуелсіз үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты талғамалы сипат болмайтынына және заң оларға қысым көрсету құралына айналмайтынына сенім білдіреді.