16/10/2019
Корпоративті салықтар бойынша жартылай өлшемдер жоқ
07/10/2019
Ашот Хуршудян: «Зерттеушілер – академиялық орта мен шешім қабылдаушы тараптың арасын жалғайтын алтын көпір іспеттес»
23/10/2019

Нұр-Сұлтанда ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктері бойынша зерттеудің тұсаукесері өтті

Нұр-Сұлтанда Қолданбалы экономика зерттеулер орталығы Сорос-Қазақстан қоры «Ашық экономика» бастамасының қолдауымен дайындалған «Әлеуметтік осал топтардың бөлек санаты ретінде үкіметтің экономикалық күн тәртібіне енгізу үшін ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктері» зерттеуінің тұсаукесерін өткізді.

«Бүгінгі таңда «ауыл аймақтарында тұратын әйелдер» санаты Үкіметтің экономикалық және әлеуметтік күн тәртібіне енбеген. Бұл тұрғыдан бөлек әлеуметтік осал санаты ұғымы болмағандықтан сәйкесінше аталмыш топқа мемлекеттік көмек көрсетілмейді. Бұл мәселеге қатысты сұрақтар сапалы тәуелсіз зерттеулер мен кешенді қадамды талап етеді. Сондықтан біз осы ауқымды зерттеуді қолдап, оның осы санаттағы топтардың экономикалық құқығын қамтамасыз етуде мемлекеттік саясат үшін әбден негіз бола алады деп ойлаймыз», – деді Бота Аязбаева, Сорос-Қазақстан қорының бағдарламалар директоры.

Зерттеу барысында Қазақстандағы ауыл әйелдерінің әлеуметтік портреті мен жағдайының анализі, сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық сұрақтардың кең ауқымы бойынша ауыл әйелдері арасында өткізілген сауалнама нәтижелерінің эмперикалық қорытындылары жасалды.

Зерттеу жұмысын біздің сайтта келесі сілтеме бойынша таба аласыздар.