23/02/2015
«Құқыққорғаушылардың жаңа толқыны. 2015 оқу жылы» байқауының қорытындысы
11/02/2015
Жапониядағы арнайы және инклюзивтік білім беру жүйесі
03/04/2015

Қазақстанның жас зерттеушілеріне арналған «Қоғамдық саясат» бастамасының жылдық жобасы өз мәресіне жетті. Жыл бойы жобаның 9 қатысушысы түрлі оқыту семинарларына қатысып, жыл соңында Қазақстанның көкейкесті мәселелеріне талдау құжаттарын даярлады.

Қазақстанның жас зерттеушілеріне арналған «Қоғамдық саясат» бастамасының жылдық жобасы өз мәресіне жетті. Жыл бойы жобаның 9 қатысушысы түрлі оқыту семинарларына қатысып, жыл соңында Қазақстанның көкейкесті мәселелеріне талдау құжаттарын даярлады. 

«Бұл бастаманың негізгі мақсаты жас зерттеушілердің әлуетін қолдау арқылы Қазақстандағы қоғамдық саясаттың шеңберін дамыту», – дейді бастама директоры Бота Аязбаева.«Өкінішке орай, қазіргі таңда экономика, саясат, білім және т.б. салалардағы уақиғаларды саралайтын сарапшылар аз.  Осынау өзіндік бірегей бастама сарапшыларға деген  қажеттілікті толықтырады деп сенеміз».

Жобаның қатысушылары – Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқитын қазақстандық жас ғалымдар, «Болашақ» бағдарламасының және басқа да бірқатар оқу бағдарламаларының стипендианттары, қазақстандық талдау орталықтарында қызмет етушілер. Жобаның аясында олар қолданбалы қалыптағы зерттеулер, анализ жасау және маңызды мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу,  алған білімдерін тыңдаушыларға жеткізу мен тарату, түрлі сұрақтарға жетімді тілде жауап беруді үйренді.

Жобаның аға бапкерлері – Халықаралық саяси адвокациялау орталығының (International Center of Policy Advocacy, ICPA, www.icpolicyadvocacy.org) қызметкерлері – Оуэн Янг, Лиса Куинн, Ашот Хуршудян және Елена Клицунова жыл бойы түрлі тренингтер өткізіп, талдау құжаттарын дайындауда қатысушыларға ақыл-кеңес беріп отырды. Оның үстіне, жобаның әрбір қатысушысы өзінің тақырыптық менторынан кеңестік қолдау алып отырды.

«Тренингтердің мазмұны сан алуан және бірін-бірі толықтырып отырды. Тренингтерде алған білімдерім, міндетті түрде, алдағы уақытта сарапшылық және зерттеушілік қызметімде пайдаға жарары анық», – дейді жоба қатысушысының бірі Қасымхан Қаппаров.

«Ең әуелі, бұл жоба маған қоғамдық саясат шеңберінде талданбалы зерттеулерді  жүргізу бойынша кешенді білім алуға мүмкіндік тудырды. Жобаның нәтижесінде мен зерттеуші ретінде бірнеше қадам алға көтерілгендігімді сеніммен айта аламын», – деп қосты Серік Бейсембаев.

«Білесіздерме, бұл мен қатысқан мазмұны өте бай және маңызды бағдарламалардың бірі. Бұған ықпал еткен мол тәжірибелі, әрқашан көмек пен қолдау көрсетуге даяр болған тамаша бапкерлер, қатысушыларға деген шынайы жанашыр ұйымдастырушылар және жұмыс барысында біздер достасып үлгерген керемет жолдастар», – деп бағалады Малика Тукмадиева.

Жыл бойында жобаның қатысушылары әр түрлі дискуссиялық алаңдарда, атап айтқанда, «Кипр» талдау алаңында,  «Vласть» Интернет-журналының «Ekvilibro» бағдарламасында пікірлер білдіріп, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарына басылымдар беріп, белсенділік танытты. «Осылайша біз тек қоғамдық диалогты ынталандырып қана қоймай, оны неғұрлым жан-жақты етуді көздеп, жас сарапшылардың жаңа есімдерін қоспақпыз. Біздің жастар үшін бұл керемет практикалық тәжірибе болды. Аталмыш беделді алаңдарда және БАҚ-да өз ұсыныстарын айту мүмкіндігі – өз еңбектерін ресми жариялау алдындағы тамаша даярлық», – деп белгіледі Бота Аязбаева.

Қазіргі уақытта жобаның қатысушылары өз талдау жұмыстарын жазуды аяқтады. Алда – жобаның ең  жауапты кезеңі.  Қазақстандық және  халықаралық басты сарапшылар жұмыстардың сапасын және берілген ұсыныстарды бағалайды. Ең мықты жұмыстардың иелері алған білімдері мен дағдыларын тереңдетуге мүмкіндік беретін Дж. Вашингтон (АҚШ) атындағы Халықаралық қатынастар Эллиот-орталығына  бес айлық тағылымдамаға баратын болады.