03/02/2016
iMedia Project байқауының нәтижесі
20/01/2016
iMediaProject – 2015. Мультимедиялық стартаптар бойынша байқаудың қорытындысы.
08/02/2016

Құқық қорғаушылардың жаңа буыны. 2015 оқу жылының нәтижесі.

Қазақстанда құқыққорғаушылардың жаңа буынының қалыптасуына ықпал етуге бағытталған «Адам құқықтары» бағдарламасының жылдық жобасы өз мәресіне жетті.

«Құқыққорғаушы дегеніміз – мамандық та, жұмыс та, лауазым да емес.  Бұл көзқарастар жүйесі, өмірлік ұстаным, адамдық қадір-қасиетті сыйлауға негізделген «координаттар жүйесі»,  бостандықты ең қымбат қазына деп тану мен теңсіздікті  мойындаудан бас тарту».  

Евгений Александрович Жовтис

Қазақстанда құқыққорғаушылардың жаңа буынының қалыптасуына ықпал етуге бағытталған «Адам құқықтары»  бағдарламасының жылдық жобасы өз мәресіне жетті. Жыл бойы бүгінде жобаның диплом иегерлері  болып табылатын 9 қатысушы түрлі семинарларға қатысып, жыл соңында адам құқығы саласы бойынша таңдаған тақырыптары аясында қоғамдық мүдделерді ілгерілету мен қорғау бойынша адвокациялық жоспарларын дайындады.

«Стипендиалық жобаның ерекшелігі –  адам құқығының негізідері туралы толыққанды білім беріп қана қоймай, қатысушылардың таңдаған тақырыптары бойынша мониторингтік зерттеу жұмыстарын даярлауға және адам құқықтары саласындағы мәселелерді шешуде адвокациялық стратегияны әзірлеуге көмектесу болып табылады», – дейді «Адам құқықтары» бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаева.  «Бұл – жобаның екінші шығарылымы. Біз бұдан әрі де адам құқығы саласында түрлі мониторингтік және адвокациялық жобаларды жүзеге асырып, әзірлеуге қабілетті  азаматтарды даярлауға  мүдделіміз».

Жоба барысында адам құқығын қорғау саласының екі бірдей жетекші сарапшылары – Евгений Жовтис (Қазақстан) және Анна Севортьян (Германия) тренинг өткізіп, қатысушыларға кеңес беріп, қолдау көрсетіп отырды. Біржылдық мектептің аясында «Адам құқығы негіздері», «Адам құқықтарын қорғауға қатысты жағдайларға мониторинг жасау», «Қоғамдық мүдделерді ілгерілету мен қорғау, адвокация» сынды тақырыптарға тренинг өткізілді.

«Жоба барысында мен үлкен өмір мектебінен өттім десем артық айтпаған болар едім. Бағдарлама бойынша шақырылған спикерлер мен менторлардан көп білім және практикалық дағдылар алдым, зерттеулерді дұрыс жүргізіп, түрлі құқық қорғау тәжірібиесі мен құралдары негізінде ұсыныстар дайындауды үйрендім. Оның үстіне, ұйымдастырушылардың менің жеке қажеттіліктерімді, яғни менің ақпаратты тек электрондық түрде және Брайл шрифті бойынша оқи алатындығымды ескеріп, барлық жағдайды жасауының арқасында маған бағдарламада оқу оңай болды», – дейді бағдарлама түлегі Пархат Юсупджанов.

«Жеке басым үшін бұл маңызды бағдарламаның бірі болды. Мені мазалаған сұрақтарға жауап алдым. Ең бастысы – мектеп бойыңда адам құқығы құндылықтарының бар жоғын түсінуге көмектеседі», – деп ағынан жарылды бағдарламаның тағы бір түлегі Айгүл Шакибаева. 

«Осы оқу курсының, тренерлердің және қатысушылардың арқасында мен көптеген әлеуметтік мәселелерге жаңаша қарай бастадым, өз ісімдегі кейбір жайттарды өзгертуге бел будым. Ал, тәжірибесі мол құқыққорғаушылармен таныстық, ортақ жаңа жобаларды бастауға мүмкіндік тудырды», – деді Александр Пушилин.

Оқу курсының аясында қатысушылар адам құқығын қорғау саласы бойынша адвокациялық жобалар дайындап, Бахыт Түменова («Аман-Саулық» ҚҚ), Виктория Тюленева (Freedom House-Kazakhstan), Аида Айдарқұлова (Сорос-Қазақстан Қоры) және Евгений Жовтис(қоғам қайраткері, жобаның менторы) сынды белді сарапшылардан тұрған комиссиясының алдында қорғап шықты. Қорғау жұмыстарының нәтижесі бойынша жобаның үш қатысушысының жұмыстары жоғары бағаланып, қор тарапынан жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетілуде.

Осы ретте, жаңа 2016 оқу жылына өтінімдер қабылдау шарасының аяқталғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта барлық келіп түскен өтінімдер  қаралстырылу үстінде. Бұл жылы мектептің жұмыс тілі – қазақ тілі болады.