Енгізілген жаңалықтардың бірегейі – жобаның қисынды кестесінің арқасында гранттан үміткер жобаның ұзақ мерзімді мақсаттарын жоспарланған шаралармен, қысқа мерзімді нәтижелермен, тәуекелдермен және сәттілік көрсеткіштерімен байланыстыра отырып, ашып көрсете алады. Бұдан өзге сұраным түрлеріне донорлардың байланыс ақпараттары туралы бағана, мақсаттық топтың қажеттіліктері туралы сұрақ және эдвокаси туралы бөлім қосылды. Бұл өзгерістер жобаның мәнін нақты түсініп, сипаттауға мүмкіндік береді. Бюджеттің жаңа үлгісі грант беру үшін шартты дайындауды тездетуге көмектеседі.
Сонымен қатар, енді өтінімнің барлық үлгілері СҚҚ бағдарламаларының сипаттамаларына арналған сайт бөлімдерінде орналасатынына назар аударамыз. Грант алу үшін байқаудан тыс өтінімдерді беру барысында Қордың сәйкесінше бағдарламасының мақсаты мен міндеттерімен танысып, өтінімдердің жаңа түрлерін пайдалануға табанды кеңес береміз.