COVID-19 тіршілігімізді баяулатып, көбімізді үйге қамап, қалалардың тірлігін тоқтатып қойғанымен, белсенді азаматтар үшін пандемия жоспарын кейінге қалдыруға себеп бола алмады. Мысалы, Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен 2020 жылы Алматы мен Нұр-Сұлтанда екі жаңа креатив кеңістік ашылды.
Қаңтардың аяғында SPACES.nur-sultan төбесі жабық қоғамдық кеңістіктер фестивалі аясында TSE Art Destination галереясы базасында арт-кітапхана ашылды, ал қыркүйектің аяғында Archcode Almaty жобасының командасы ұсынған сәулет өнері [бей] музейі келушілерге есігін ашты. Екі кеңістіктің де атқаратын функциясы ұқсас көрінгенімен ([бей] музейде де шағын кітапхана бар), оларды қатар қойып салыстырудың мәні жоқ.
«Алғашқысында галереяның өзі жұмыс істеп тұр, оған барам деген адам кіре алады, ал Архкодқа келсек, оның мазмұны мен контенті қала тұрғындарының өзінің импульстарына байланысты болады», — дейді Сорос-Қазақстан қорының «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасының үйрестірушісі Сәуле Мамаева. Сәуле сондай-ақ Қор алдағы жылы өзге форматтар мен мазмұнды «сынап көру» жоспарларын да шабыттана айтты: ашық қоғам құндылықтарын ілгерілету тұрғысынан алғанда, заттай кеңістіктер онлайн-кездесулер мен Zoom-кештерге қарағанда ұтымдырақ.
Сәуле Мамаева астаналық арт-кітапхана да, алматылық [бей] музей де сын тұрғысынан ойлау, өз ойын еркін жеткізу, серіктестік пен ықпалдастықты дамытуға үлес қосып, ортақ мәселелердің шешілуіне ықпал ететініне сенімді. Оған қоса, бұл екі кеңістіктің Қордың серіктестері үшін маңызын да асыра бағалау қиын. «Жобаның өз «үйі» болуы мотивацияны ерекше арттырады», — дейді бағдарлама жетекшісі, сонымен қатар Қор азаматтық өрісте жобалардың өзі емес, ойыншылар, толыққанды ақторлар көбейгенін мақсат ететін де еске салды.
Қордағылар жобалардың қаржылай орнықтылығына мүдделі екенін ешқашан жасырған емес және 2020 жылғы креатив кеңістіктерге қолдау көрсету жобасы да ол мүддеден тыс қалған жоқ. Әңгіме халықаралық ұйымдар, елшіліктер не комерциялық донорлар беретін гранттарда ғана емес – екі жоба да қала билігі тарапынан назар аударуға лайық. Өйткені олар «Пандемиясыз да қаңырап тұратын қазіргі бар музейлер мен кітапханалар қатарлы белгілі бір мәдени-ағартушылық функция атқарады» деп атап өтті Мамаева.
«Бұл жерде музыка ойнап тұрады, жұрт билесе болады»
«Кітапхана айрықша болып шықты: біздің қорымызда Қазақстанда ешкімнің қолында, тіпті жекеменшік коллекцияларда жоқ басылымдар бар», — дейді TSE Art Destination галереясының арт-директоры Бауржан Сағиев. Астанадағы тұңғыш әрі жалғыз арт-кітапхананың қорында екі жүзге тарта басылым бар. Онда галереяның командасы қазіргі заманғы өнердің түрлі бағыттары бойынша негізінен ағылшын тіліндегі кітаптарды жинаған.
«Арт-кітапхананың дүниеге келуі – шын мәнінде ұзақ интеллектуалдық ізденіс пен еңбектің нәтижесі. Біз креатив индустрияда жұмыс істеп жатқан ойыншыларға барып, өзі атқарып отырған функциясына мүлде басқа тұрғыдан қарауды ұсындық», — деп Сәуле Мамаева жоба қалай басталғанын еске алды. Қажет идея бірден келе қоймағанын айтса да, Сағиев оны жүзеге асыру барысында қиындық тумағанын атап өтті.
Жаңа кеңістікті астанадағы шығармашылық жоғары оқу орындарының студенттері, көркемөнер мектептерінің ұстаздары, мәдениеттің түрлі салаларының өкілдері лайық бағалады. Жас жазушылар мұнда оқырмандарын жаңа шығармаларымен таныстыру үшін келе бастаса, мектеп оқушылары қазіргі заманғы өнер бойынша қызықты сыныптарды көруге келеді. Айта кетері, TSE Art Destination 2017 жылы негізі қаланғалы бері жыл сайын елуден аса білім беру шарасын өткізіп келеді. «Галереяның ішінде кітапхана бары осы шараларымызға келетіндер үшін білім беру циклін толық аяқтайды десе болады», — деп атап өтті галереяның арт-директоры.
«Жаңа ұрпақты өсіру, жергілікті қауымдастыққа сауат ашуды ұйымдастырудың маңызын көріп отырмыз, өйткені қазіргі заманғы өнерді бәрі түсіне бермейді», — дейді Сағиев. Оның айтуынша, командасы ең алдымен жастарға қарата жұмыс атқарады, сондықтан TSE Art Destination дәстүрлі көрме орталығы деуге келмейді. «Мүлгіген тыныштық орнаған академиялық музей емеспіз. Мұнда үнемі музыка ойнап тұрады, келгендер билесе де болады, көңілді күй орнаған», — дейді арт-директор.
«Мұнда келетіндер көпті көргендер емес, олар осында көргеніне риза. Біз өткізетін іс-шараларға Алматыдағыға қарағанда көбірек адам жиналады», — дейді Мамаева. Оның айтқанын іліп әкеткен Бауыржан Сағиев: «Галереяға көрмеге келгендер мұнда кітапхана да бар екенін білгенде таңғалады» деді. Астана тұрғындары өзіне ұнаған кітап не альбом, каталогты үйге алып кетуге болмайтынына ренжімейді, керісінше – кейбірі тіпті өз коллекциясындағы кітаптарды сыйға әкеп береді.
Арт-кітапхана галереяны жаңа сапалық деңгейге шығарды дейді Сағиев. «Біз енді толыққанды, шағын болса да копфункциялы арт-орталыққа айналдық», — дейді ол. Алдағы жоспар – функциялық тұрғыдан кеңейе беру. «Бұрыннан арманымыз – баспа үйі мен зерттеу орталығын құрып, өнер тақырыбындағы кітаптарды қазақша және орысша оқитын оқырманға жақын ету. Қазір қазақ тіліне аударылған кітап жоқтың қасы», — деп атап өтті арт-директор.
Осы әңгімеден кейін сол жоспарлар ерте ме кеш пе орындаларына күмәніміз қалмады. Қазір Нұр-Сұлтанда осындай бастамаларға зәрулік зор. «Бізде өтетін әр іс-шараға, әр көрме, әр вернисажға бес жүзге тарта адам келеді. Әлеуметтік желілерде келесісі қашан болады деп үнемі сұрап отырады», — дейді Сағиев. Еуропадағы орташа қаламен парапар миллионнан астам тұрғыны бар қалада қазіргі заманғы өнермен таныстыратын екі-үш орын ғана болса, жұрт қайтсін?
«ІІМ тура жанындағы» қоғамдық кеңістік
Көп жыл бойы бұрынғы ІІХК ғимараты «ағаш арасында тығылып тұрып, онда болып жатқан нәрселер елеусіз қалатын», дейді Archcode Almaty үйлестірушісі Әнел Молдахметова. Қаланың архитектуралық бірегейлігін сақтауды мақсат еткен жобаның шағын командасы сирек конструктивистік ғимаратты көзге көрінетін етті. Енді ол жерде Алматы архитектурасының партисипар музейі орналасады. Сәуле Мамаева ол «сүйікті қаласының келбетіне қатысты айтары бар адамдардың креатив, цензураланбайтын сүйікті мекеніне айналады» деп үміт етеді.
Осы әңгімені бастау үшін урбанистер күрделі тақырып таңдады – алғашқы экспозиция барысында олар репрессияға ұшыраған жүздеген адамның соңғы мекені болған ауданның хроникасы туралы айтып беруді ұйғарыпты. Зерттеуші осыған байланысты қалай толқығанын еске алып: «Өз-өзімізге қатты цензура жасадық. Жұрт әлі де [бей] музейде өз оқиғаларын жазып, бөлісіп, баяндауға болатынын білмейтінін байқадық» дейді. Әйтсе де, келушілерге терезеден көрші ғимараттағы тергеу оқшаулағышы да жағымсыз салмақ болғанын ескеру кере шығар. Кейін кеңістікті құрғандағы басты мақсат етілген нәрсе болды: келушілер ол ғимаратты да мешіктеп ала бастады.
«Жұрт бірден кетпей, музей кеңістігінде сағаттап жүрді. Кейбіреуі бірнеше рет келді. Осы ауданмен байланысты ассоциацияларын, естеліктерін ортаға салды. Кітап алмасу болады деп хабарламасақ та, кейбірі кітап әкеліп жатты. Артефакттар әкелгендер де болды. Біз оларды уақытылы қабылдап, алғыс айтып үгермей жаттық. Аудитория алуан түрлі болды: төрт жасар баладан, 86 жастағы қарияларға дейін келді. Тіпті бір жолы ит те кіріп кеткен», — дейді Молдахметова. Жұмыс істей бастаған алғашқы апталардағы нәтиже 200 пайыздан асып кеткенін де айтты.
Алғашқы экспозицияға келген төрт жүзге тарта қонақтан бей-жай қалғаны кем де кем дейді кейіпкеріміз. ІІХК деген аббревиатура не сөз екенін білген жастар да, саяси репрессиялар музейін құрту төңірегінде зерттеу жүргізіп көрмек болған егде апайлар да өткеннің жарасын өзінше сезінген. «Біз таңдаған формат келушілердің бәріне осы тарихты түйсінуге мүмкіндік берді», — деп түсіндірді Молдахметова. Ал Мамаеваның айтуынша, тыйым салынған тақырыппен жұмыс істеудің арқасында Archcode Almaty командасының өзі де іштен өскен.
Ол өсу сапа тұрғысынан ғана емес, сан тұрғысынан да болды: қаладағы архитектуралық қозғалысқа қосылғандар қатары көбейді. Экспозияция арқылы жобаға қолдау көрсеткісі келетін адамдар қосыла бастады. Мысалы, бір жас қыздар келіп, кейін ерікті әрі медиаторға айналды», — дейді Archcode Almaty үйлестірушісі. Одан да таңғаларлығы – open call жарияламай-ақ жоба командасы контенті алдағы жарты жылда бақандай алты экспозиция өткізуге жететін өтінімдер жинап, оларды келісіп үлгерген.
Әрине, коронавирус пандемиясы команданың жоспарын өзгертері кәміл, аоайда әзірге урбанистер болып жатқан шектеу шараларына тіпті разы десе болады. «Ол бізге көмектесіп кетті, өйткені жұрт аз-аздан келді де, аудиториямызды түгел көруге мүмкіндік болды. Келушілердің жартысынан көбімен жеке танысып алдым, ал бұған дейін тек хабар таратушы ретінде ғана болғанбыз», — дейді зерттеуші. Сөйтіп, Archcode Almaty қоғамдық кеңістігі пайда болуы жобаның қала тұрғындарын архитектураға қатысты шешім қабылдау ісіне араластыруға байланысты негізгі мисииясын өзекті ете түсті.
Одан бөлек, алматылық урбанистер де, астаналық галерея командасы да өз жобаларының ауқымын мақсат етілген құндылықтар қарапайым да нәтижелі бола түсетіндей етіп кеңейте алды. Заттай кеңістіктер аясында жұртты араластыру көзге көрінетіндей бола түсті, ал араласуға деген құлшыныс қаттырақ сезілді. Енді қалған басты шаруа – қала тұрғындарына өз мүддесін танып білуге мүмкіндік беріп, оларға өз білімі мен тәжірибесін сіңіре отырып, әрекетке ынталандыру.