АСТАНА, 2016 ж. 29 ақпан – Қазақстанның Ұлттық бюджет желісі (ҚҰБЖ) «Бюджеттің ашықтығы, нәтижелер мен әлеуеттері» атты дөңгелек үстелде «Қазақстан бюджетінің ашықтық индексі» және «Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі» тақырыбында 2015 жылы жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін жария етті. Дөңгелек үстел Сорос-Қазақстан Қоры және ҚҰБЖ-мен ұйымдастырылды.
Бюджеттің ашықтық индексі (Open Budget Index, OBI) сегіз негізгі бюджеттік құжаттардың бар/жоқтығын, сондай-ақ олардың мазмұнының толықтығы мен заң шығару билігі және жоғарғы қаржы-бақылау органдары тарапынан бақылау деңгейін бағалайды. 2014 жылы Қазақстан 100 баллдан 51 балл жинап, 2012 жылға қарағанда (48 балл) көрсеткішін сәл жақсартып отыр.
«Төмен бағаны жұртшылықтың бюджет процесіне қатысу тетіктерінің болмауымен және бюджетке қатысты қолда бар ақпаратты берудің ескірген тәжірибесімен түсіндіруге болады»,– дейді Жанар Жандосова, ҚҰБЖ мүшесі. «Сонымен бірге, бюджеттің қарапайым нұсқасы, басқаша айтқанда азаматтық бюджет жұртшылық үшін уақытылы жарияланбайтынын атап өту қажет. Деректер көрсетіп отырғандай, басқаруды жақсарту үшін тек бір ғана ашықтық жеткіліксіз және жұртшылықтың бюджетті қалыптастыруға қатысуы оны пайдаланудың тиімділігін едәуір арттыра алады”.
Дөңгелек үстел барысында жұртшылықты тартудың тетіктерін әзірлеу және пайдалану жолымен, мысалы, мемлекеттік органдар мен парламентте кеңестерді жүргізу және ашық тыңдаулар өткізу, бюджеттік ақпараттың тереңдігін ұлғайту, сондай-ақ қарапайым түрге келтірілген бюджеттік құжаттарды жариялау арқылы Индексті жақсарту бойынша ұсынысдар әзірленді.
Бюджеттің ашықтық индексімен қатар дөңгелек үстелде жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі бойынша зерттеу нәтижелері талқыланды.Бұл зерттеу Қазақстанның барлық 16 өңірлерінде жүргізілді (14 облыс, Астана және Алматы қ.қ.). Оның нәтижесі бойынша орташа балл 37 балды құрады, бұл 2013 жылға қарағанда (35 балл) сәл жоғары көрсеткіш. Жергілікті бюджеттерді бағалау көрсетіп отырғандай, жергілікті органдар жұртшылыққа бюджет және Зерттеу шеңберінде бағаланған жергілікті биліктің қаржы қызметі жайлы ақпаратты өте аз ұсынады. Сондықтан азаматтарға биліктің қаражаттарды қалай басқарып отырғанын бақылап отыру қиынға соғуда.
«Барлығы мүмкін 100 балдан 37 балл алу Мемлекет Басшысының бес институционалдық реформаларын іске асыру жөніндегі бағытына қарамастан (97 Қадам. Азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту), халықтың бюджет процестеріне тартылу деңгейі өте төмен екендігін білдіреді.Экономикалық дағдарыс жағдайында мемлекеттік басқару органдарының азаматтар алдындағы барынша жоғары есептілігіне қажеттілік біршама артады, ол жергілікті жерлерде мемлекеттік шығындардың тиімділігін арттыру үшін қажет», – дейді Аида Айдаркулова, Сорос-Қазақстан Қорының бағдарламалар директоры.
“Бюджеттік процеске азаматтардың шектеулі қатысуы ашықтықтың оң әсерін жоққа шығаруы мүмкін. Егер азматтардың ақпаратқа қолжетімділігі бола тұра оны пайдалана алмаса, онда есептілікті арттырудағы мүмкіндіктері азаяды“, – деп жалғастырады Әсел Қырықбаева, ҚҰБЖ мүшесі.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жасау жөніндегі есеп комитетінің басшылары, бесінші шақырылымдағы Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Қосымша ақпарат алу үшін мында байланысуға болады:
Қосымша ақпарат:
Қазақстанның Ұлттық бюджет желісі туралы (ҚҰЖ)
2008 жылғы сәуір айында бюджеттік талдау, мониторинг және бюджет процесіне қоғамдық қатысу саласында қызмет ететін үкіметтік емес ұйымдар Қазақстанның Ұлттық бюджет желісін құру бастамасын жария еткен болатын. ҚҰБЖ мақсаты – бюджеттік бағдарламалардың, сондай-ақ азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдарды бюджет процесіне тарту арқылы мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен нәтижесін жақсарту жолымен азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, мөлдірлікті, мемлекеттік басқару органдарының есептілігі мен азаматтық қатысуды арттыру.
Толығырақ мына сайтта – www.budget.kz
Сорос-Қазақстан Қоры туралы
Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) – үкіметтік емес қайырымдылық ұйымы, оның негізгі мақсаты – ашық қоғам құндылықтарын Қазақстанда алға жылжыту. Толығырақ мына сайтта – www.soros.kz