ҮЕҰ-дың зерттеулерінің нәтижелері көрсеткендей, жыл сайын өндіруші компаниялар әлеуметтік объектілерді қаржыландыруға сан миллиард теңге бөледі. Бұл орайда инфрақұрылым объектілерінің құрылысын салу жөніндегі әлеуметтік инвестициялық жобалардың тиімділігі елді мекендер тұрғындарының сұраныстарын толық дәрежеде қамтамасыз етпейді. Мысалы, сортаң жерде спорт алаңы және халық су проблемасынан қиындық көретін ауданда бассейн салынған жайттар бар.
Осындай инфрақұрылымдық жобалардың тиімділігін жоғарылату үшін Көпжақты кеңестерді ендіру тәжірибесі бар, оларға мүдделі қатысушылар ретінде билік, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері кіреді. Бұл тетік конструктивті диалог болуын қамтамасыз етуге және инфрақұрылымдық жобаны қолдаумен байланысты мәселелерді жергілікті деңгейде шешуге мүмкіндік береді. Шешімдер басымдылық, заманауилық, халықтың мұқтаждықтары мен сұраныстарын қамтамасыз ету сияқты өлшемдердің негізінде қабылданады. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, осындай кеңестердің жұмысы қоғамдық әл-ауқатты жақсартудан басқа, халықтың билік пен бизнеске деген сенімін арттырады.
Сорос-Қазақстан Қорының «Мемлекеттік қаржының ашықтығы» бағдарламасының жетекшісі Жәнібек Хасан, былай дейді: «Ірі өндіруші компаниялар республиканың сегіз облысында белсенді түрде жұмыс істеуде. Олар әлеуметтік инвестициялық саясатты жүзеге асырады, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік тетіктерін қолданады. Сонымен бірге, биліктің, бизнестің және қоғамның арасында тиімді байланыс жоқ жерде әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалардың нәтижелілігі төмен деңгейде қалып отыр».
Әсел Нұрғазиева, «Заман» АҚ директоры, Атырау қаласы, былай деп есептейді:«Зерттеу жүргізу барысында қоғамдық ұйымдар атап көрсеткендей, өндіруші компаниялардың әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалары ашық емес және әзірге шешім қабылдау үдерістеріне қоғамның кеңінен қатысуын көздемейді. Бірақ, әлеуметтік жобалардың игілігін түпкі тұтынушылар – осы аймақтардың тұрғындары. Олардың өз мүдделерін тікелей қозғайтын мәселелерді талқылауға және олар бойынша шешім қабылдауға қатыстырылуы мемлекеттік органдардың және бизнес компаниялардың жұмысының түпкі нәтижесіне әсер етеді».
Сорос-Қазақстан Қоры 2006 жылдан бері Қазақстанның өндіріші аймақтарындағы әлеуметтік инвестициялық жобалардың нәтижелеріне мониторинг жүргізу және бағалау жөніндегі бес жобаға қолдау көрсетті.
Қосымша ақпарат:
Асқар Көшкінбаев, Сорос-Қазақстанқорының «Мемлекеттік қаржының ашықтығы» бағдарламасының үйлестірушісі, (727) 503 811 (ішкі 109), эл.поштасы: akushkunbayev@soros.kz