30 маусымда сағат 16.00-де Іле-Алатау ұлттық саябағында алғаш рет ашық аспан аясында «Сегізінші өзен» атты қазіргі заман өнерінің көрмесі ашылады. Көрменің экспозициясында осы шараға арнайы жасалған отандық заманауи суретшілердің инсталляциялары ұсынылады.
Көрме ашылмас бұрын саябақта көркемөнер резиденциясы орналасады. Онда жобаға қатысушылар үш апта тұрып, кураторлық тұжырымдамаға сәйкес өнер туындысын жасайды.
«…Жетісудың сегізінші өзені, тек осы жерге, осы ауданға тиесілі мәдени нысандарға айналып, адамдардан және идеялардан көрініс тапты. Қазіргі заман Жетісуінің рухани және интеллектуалдық ағынын не құрайды? Ол қандай адамдар және олардың қандай идеялары бар? Басқа адамдардан және баяғы идеялардан олардың қандай артықшылықтары бар? Мүмкін, шындық және қиял кеңістіктерін біріктіру арқылы, біз, осы сұрақтарға жауап табармыз?! Қазіргі заман суретшілері осы және қиялдағы жадтың көзімен жұмыс істей алады. Бүгін олар — сегізінші Өзеннің жаңа адамдары», – деді жобаның үйлестірушісі Яна Малиновская.
Көрменің ашылуына өнермен айналысатын еліміздің барлық аймақтарынан дарынды балалар қатысады. Олар қазіргі заман суретшілермен танысып, өнер тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік алады. Жобаның бейне және фото құжаттамалары ARTBAT FEST 6 қазіргі заман өнер фестивалінің шеңберінде өтетін жас өнер көрмесінде ұсынылады.
Көрме ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасы бойынша, Қазақстан Ұлттық комитетімен ұйымдастырылып отыр. Көрменің өтуіне Сорос-Казақстан Қоры, ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық федерациясы, ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік бюросы, Алматы қаласының Мәдениет басқармасы, ArtbatFest-2015 қазіргі заман өнерінің Халықаралық фестивалі қолдау көрсетті.
Көрме жаз бойы жұмыс істейді. Кіру тегін*.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс құралы арқылы хабарласа аласыздар:
Айман Иментай
Жоба менеджері
email: Imentai.a@gmail.com
тел.: 8 707 320 49 30