“Қадір-қасиет” ҚБ Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен Қазақстан мен Орталық Азияда тұңғыш рет “Пана – ұялы құқық қорғаушы” атты мобильдік қосымшасын іске қосты. Ол Қазақстан азаматтарының және мигранттардың заң көмегіне жəне жылдам тұрде өздері тұратын аймақта адам құқықтарын қорғайтын қорғаушыны табуға, әртүрлі петициаларға қол қоюға мүмкіндік береді.
Қосымша жалпы алғанда азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және адам құқықтарын қорғау құндылықтырын алға жылжытуға ықпал етеді.
“Қосымша кез келген адамға өз сұрағына құқықтық кеңес алып қана қоймай, құқық қорғаушылар мен адвокаттарға берілген кеңестерін өз авторлығымен базаға қосуға мүмкіндік береді. Орналастырылған қосымшада көрсетілген өтініштер мен шағымдар нұсқалары арқылы (word форматында және pdf) өз деректерімен мəн-жайларын (word форматында және pdf) толтырып электрондық түрде сол жерден өзінің девайсы арқылы электрондық үкімет порталы көмегімен дереу адресатқа (мемлекеттік орган) жібере алады. Қосымшаның бірегейлігі оның ұтқырлығында“, – дейді Анара Ибраева “Қадір-қасиет” ҚБ директоры.
“Сорос-Қазақстан қорының “Адам құқықтары” бағдарламасының басым бағыттарының бірі елімізде адам құқықтарын қорғау саласында жаңа бастамаларды дамытуға инновациялық және шығармашылық әдістерін қолдану. Интернеттің жəне жаңа технологиялар даму заманында, әрбір адам құқықтары бұзылу жағдаймен кездесіп қалған кезде тез және сапалы дəрежеде қажетті құқықтық көмекті немесе өзін қызықтыратын сұрақтары бойынша ақпаратты ала алуы өте маңызды болып табылады”, – дейді Айжан Ошақбаева, Сорос-Қазақстан қорының “Адам құқықтары” бағдарламасының үйлестірушісі.
Ұялы құқық қорғаушы “Пана” іздеу бойынша дайын кеңестерге жəне құқықтық онлайн кеңес алуға, Қазақстанның 18 қаласында құқыққорғаушылар базасына, шағымдар мен өтініштерге сондай-ақ құқықтық құжаттамаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қосымша Play Market және App Store тегін қол жетімді.