09/09/2014
Уголовная ответственность за клевету препятствует борьбе с коррупцией
04/03/2014
Қазақстанда тіркеуден бас тартуға болатын 10 себеп
06/01/2015

“Қазақстанда менталдық ауруы бар адамдардың толық оңалу мүмкіндіктері жоқ”

«Мүгедектердің құқықтары туралы» Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясын ратификациялау қарсаңында, біз Павлодар қаласының дәрігер-психотерапевті және құқық қорғаушысы Сергей Молчановпен әңгіме құруды жөн көрдік.

СҚҚ Сергейден осы аса осал және дискриминацияланатын топтың құқықтары қалай орындалатындығы туралы, және жағдайды қалай жақсарту болатындығы жайында сұрады.   

Әйнел Қайназарова: Сергей, Қазақстанда денсаулығында менталдық бұзушылығы бар адамдардың жағдайын қалай сипаттар едіңіз?

Сергей Молчанов: Бүгінгі таңдағы жағдай Совет Одағы кезіндегі жағдайдан аса өзгере қойған жоқ. Әр облыста денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар адамдар күйзеліске түскенде жататын психоневрологиялық диспансерлер жұмыс істейді. Онда емделушілер белгілі бір терапия алып, ремиссиядан өтіп, емханадан шығарылады.  Сондай-ақ психохрониктерге арналған арнайы үйлер бар, ол жерде бір уақытта шамамен 400-450 адам емделеді. Психологтар мен психотерапевттердің жоқтығына орай ол жерлерде кереметтей сауықтыру (реабилитация) бар деп айта алмаймын. Врач-психотерапевт ретінде психикалық бұзылушылықтары бар тұлғалардың жағдайын қанағаттанарлықсыз деген тұжырымға келемін.

ӘҚ: Дегенмен, қазір Қазақстан мүгедектердің құқықтары туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясын ратификациялауға дайындық үстінде. Сіздің ойыңызша ратификациялау қазіргі жағдайды қалай өзгерте алады.

СМ: Жалпы алғанда, қазір біз денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар адамдарды әлеуметтендіруге қатысты дүниежүзілік тәжірибелерді енгізу керекпіз. Дегенмен, бұл ретте елімізде баламалы медициналық-әлеуметтік қызметтердің дамымағандығы басты мәселе болып табылады. Бәрі  ауруханадағы емдеу мен психохрониктерге арналған үйлерде күтуге келіп тіреледі. Бұл дұрыс есем. Сонымен қатар, бүгінде көптеген сауықтыру бағдарламалары бар, және көптеген мемлекеттерде осындай бағдарламалардан өткен менталдық жағдайы бұзылған адамдар жұмыс істеп, салық төлеп, өздерін әлеуметтік ортаның толыққанды мүшесі деп санайды. Олардың қоғамға жақсы бейімделгені сонша,  менталдық бузышылықтарының бар-жоғы білінбейді. Меніңше осыған ұмтылу керек. Қазақстандағы менталдық бузышылықтары бар адамдардың осынай оңалу мүмкіндіктерінің болмауы мені қатты күйзелтеді.

Осы салада осы тектес жұмыс істейтін мен білетін бір ғана бағдарлама бар – ол психоневрологиялық патологиялары бар ересек адамдарға арнайы көмек көрсететін Павлодарлық «Альрами» клубтық үйінің жұмысы. Өкінішке орай, басқа мысалдар жоқ, немесе олар тым аз.

ӘҚ: Мүгедектерді қоғамға бейімдеудің дүниежүзілік тәжірибесіне тоқталатын болсақ, сіздің ойыңызша біздің жағдайға қай модель жақынырақ?  Нені негізге ала аламыз немесе өзіміздің қайталанбас тәжірибемізді қалыптастыруымыз керек пе?

СМ: Мен Литвада семинарда болған кезімде «Психиатриядағы ғаламдық бастама» халықаралық қордың басшысы өз елінің тәжірибесімен бөлісті. Менің қызыққаным соншалықты, сұрақты қарша боратып жаудырдым. Сан түрлі тәжірибелермен бөлісуді өтіндім. Сонда ол былай деп тамаша жауап берді:  «Сіз, ең алдымен,бүгін көргеніңізді және өздеріңізде әлі жоқ нәрсені енгізуден бастаңыз». Менің ойымша оның айтқаны дұрыс, егер өзімізде ең керекті қарапайым нәрсе жоқ жағдайда, басқа біреудің тәжірибесін білудің қажеті не?!

Бүгінде біз не істей аламыз? Психоневрологиялық диспансерлер жанында денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар адамдар үшін әлеуметтік сауықтыру бөлімдерін аша аламыз. Еліміздің билік вертикалі өте күшті, сондықтан жоғарыдан бұйрық түссе, ол мүдірмей орындалады. Сондай-ақ осындай адамдармен жұмыс жасайтын ҮЕҰ-ға қолдау көрсетілуі керек. Бүкіл Қазақстан бойынша менталдық бузышылықтары бар адамдарға арнап клубтық үйлер ашуды ынталандыру қажет. Егер осындай үйлер мемлекеттік тапсырыс алып, өз мамандарының біліктілігін арттыруға ат салысса, онда менталдық бузышылықтары бар адамдар өзіне ыңғайлы клубтық үйді таңдай алатын болады. Сөзсіз, баламалы қызметтердің өсуі психиатриялық диспансердің азаюына әкеледі. Ауруханалар жанында әлеуметтік сауықтыру бөлімдері пайда болып, белсенді топтар мен өзара көмек беру топтары құрылып, менталдық жағдайы бұзылған адамдардың қоғамда өмір сүруі жеңілдейді. Әрине мен мінсіз жағдайды сипаттап отырмын. Бірақ мен болашаққа сеніммен қараймын.

АҚ: Сергей, сізге үлкен рақмет.