23/10/2013
«Психикалық денсаулығында бұзылыстары бар жастарға арналған орталық: қоғамнан шеттетілместен өмір сүруге болады!»
10/10/2013
Қазақстанда 2015 жылдан бастап аналогтық хабар тарату тоқтатылады
29/10/2013

1937: Еске алу алаңы / Жоқтау – ұмыттырмау, қайта болдырмау.

Алматы, 24 қазан 2013 ж. – Ілияс Жансүгүров Қоғамдық Қоры және Nedelka Project, Ә.Кастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы, Алматы қаласы әкімдігі, Сорос-Қазақстан Қоры, «Астана-Моторс», «Raimbek Group» қазақстандық компанияларның және Қазақстан Баспасөз Клубының ақпараттық қолдауымен «1937: Еске алу алаңы / Жоқтау» арт-жобасын ұсынады.

Арт-жобаның мақсаты – әр түрлі жастағы суретшілердің шығармалары арқылы қуғын-сүргін табиғатын, оның тереңдігін және қазіргі қоғамға әсерін түсіну.

Жоба заманауи авторлардың шығармашылық көрмесі, каталог шығару, тарихшылар және қоғам қайраткерлерімен бірнеше тақырыптық кештер өткізуді жоспарлайды. Кескіндеме мәнінде, фото, бейне, арт-инсталляцияда орындалған шығармалар ұмыттырмау, қайта болдырмау мақсатында бір кеңістікке жинастырылды.

“XXғасырда қоғамның басынан өткен қуғын-сүргіннің зардабы мен көлемі – көптеген азаматтардың санасында, әсіресе жастар үшін аз зерттелген тақырып болып табылады. Өкінішке орай, тіпті кейбіреулер  бұл тарих бетінен мүлдем бейхабар”, – дейді Ажар Жандосова (Ілияс Жансүгүров Қоры) арт-жобаны ұйымдастырушы.

Осы ретте Тимур Нүсімбеков (Nedelka Project): “Күнәсіз жапа шеккен және қайтыс болған миллиондаған адамдарды еске алу – қасіретті болдырмаудың алғышарттарының және біздің бірлігімізді қалыптастырудың бірден бір жолы”, – дейді.

Саяси қуғын-сүргін адам құқықтарын бұзудың ең ауыр түрлерінің бірі болып табылады. Осындай қиын – қыстау кезеңде ұлт өзінің біртуар,  зиялы ұл-қыздарын жоғалтты.  Мыңдаған адамдар тағдыр тәлкегіне ұшырап, балалар ата-аналарынсыз қалды. Өткен уақиғаларға саяси-құқықтық баға беруге мүмкіндік болған бүгінгі күн биігінен айтарымыз, өткен уақйғаларды, саяси қуғын-сүргін құрбандарын біз ешқашан есімізден  шығармауымыз керек. Бұл біздің адами және азаматтық парызымыз”, – дейді Сорос-Қазақстан Қорының Басқарма төрағасы Антон Артемьев.

Жобаға  жас суретшілермен қатар, танымал суретшілер Асқар Есдәулет, Шоқан Төлеш, Георгий Трякин-Бухаров, Сауле Сүлейменова, Қуаныш Базарғалиев, Зитта Султанбаева, Рашид Нүрикеев, Ғалым Маданов және фотограф Валерий Қалиев пен Александр Угай қатысады.

Жобаны дайындау кезінде, авторлар мұрағатпен, туған-туыстарының естеліктерімен, осы тақырыпты зерттеген ғалымдармен, көркем әдебиетпен, көпшілікке арналған шығармалармен және фото, бейне материалдарымен, көркем фильмдермен жұмыс істеді.  Бір топ авторлар Алматы, Қарағанды облыстарындағы Мемлекеттік лагерьлерге барып, жоба үшін арнайы фильм және фотосуреттер түсірді. Шығармаларда қуғын-сүргін әртүрлі қырынан: жаппай тұтқынға алу, зиялы қауымды жою, халықтарды жер аудару, сатқындық, лаңкестік және 1930 жылдардағы  үрей, «халық жауларының» отбасы мүшелерінің тағдырлары көрсетілді. Көрмеге қойылған барлық жұмыстарда авторлардың осы тақырыпқа деген көзқарастары айқын көрінеді. Көптеген суретшілер жұмыстарында өз бастарынан кешкен оқиғаларды негізге алады.

Көрме 25 қазаннан 14 қараша аралығында Ә.Кастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайда (Алматы қаласы, Сатпаев көшесі,30 а) өтеді.

Көрменің ресми ашылуы 2013 жылы 24 қазанда сағат 17-00-ден 20-00-ге дейін болады. Барлықтарыңызды көрмеге және еске алу кітабына өз пікіріңізді жазып қалдыруға шақырамыз.

Қосымша ақпарат үшін Ажар Жандосоваға 8 777 213 0560 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.