10/02/2013
Байқаудан тыс өтінімдердің жаңа үлгілері
14/12/2012
Журналистерді қудалауды тоқтату керек
08/04/2013

«Mapping Digital Media» зерттеуі

«Mapping Digital Media» («Қазақстанның цифрлық медиа картасы») зерттеуі Сорос-Қазақстан қорымен әрекеттестікте  «Ашық қоғам» қорының Медиа бағдарламасының бастамасымен әлемнің 60 елінде өткізілді.

Қазақстан үшін  «Mapping Digital Media» – жаңа ақпараттық технологиялар, БАҚ плюрализміне қатысты мүмкіндіктер мен шақырулар және азаматтардың толық және шынайы ақпаратқа қолжетімділігі контекстінде БАҚ-тың цифрленуі процесін саралауға деген алғашқы салмақты зерттеушілік қадамы.

Цифрлену процесі жәй дамып келе жатқан елдерде «Mapping Digital Media» жобасы нарық ойыншылары мен өзге мүдделі тараптарды осы өзгерістерге оның нәтижесіне әсер ету үшін араласуға ынталандыруға бағытталған.

Зерттеуді жүзеге асыру барысында алпыстан астам қазақстандық журналист, қоғам қайраткерлері мен медиа сарапшылар сұхбатталып, олардың көзқарасы негізінде Қазақстандың электрондық БАҚ-тың дамуы саласындағы қазіргі жағдайды сипатталды.