11/02/2020
Украинадағы үкімет дағдарысының ұтымды тұсы
05/02/2020
Атырау облыстық балалар ауруханасындағы мемлекеттік сатып алу процесіндегі сыбайлас жемқорлық қатерлері
21/02/2020

«Живая память» жинағы әлеуметтік тақырыптағы үздік кітап атанды

Алматыда «Алтын қалам» әдеби байқауы аясында «Живая память» коллективтік монографиясы «Әлеуметтік маңызы бар тақырып аясындағы үздік кітап» номинациясын жеңіп алды. Кітапты жазу идеясы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен 2016-2018 жылдары жоба аясында өткен дәрістер және подкастар сериясынан кейін пайда болды.

«Бұл номинацияда жеңімпаз атану мен үшін өте қуанышты жағдай. «Естен кетпес естеліктер. Қазақстандағы сталиншілдік: Өткен шақ, Тарихи жад, Арылу» – түрлі ұрпақ буыны мен түрлі академиялық дәстүрледі сипаттайтын ғалымдардың, зерттеушілер мен жазулардың үлкен еңбегі. Жинақтың тең авторлары, тарих ғылымдарының докторлары Жұлдызбек Абылхожин мен Михаил Акуловқа, кітап авторларын және «Живая память» жобасын басынан және қазіргі уақытқа дейін қолдап келе жатқан Сорос-Қазақстан қорына алғыс білдіргім келеді», – деді жоба авторы Александра Цай сыйлықты алып тұрып.

Кітап шағын тиражбен шықты, оны еліміздің кейбір кітапханаларынан таба аласыздар. Ал кітаптың орыс тіліндегі электрондық нұсқасы қор сайтында жарияланған. Биыл қордың 25-жылдық мерейтойына орай кітап қазақ және ағылшын тілдеріне аударылатын болады.

Кітап «Тарих», «Тарихи жад», «Өнер» деген үш бөлімнен тұрады және  1930-1940 жылдардағы сталиндік репрессияның тарихи жадымызға салған салмағын екшеп, жаңа дәуірге сай жаңаша көзқараспен қоғам назарына ұсынады.