Шымкент (ОҚО), 13-18 қазан 2014 ж – «Жолдас» СПИД-сервистік ұйымдар қауымдастығы Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен «Оңтүстік Қазақстан облысындағы табыс табушы кәсіпорындардан түсетін түсімдерге негізделе отырып ҚР Ұлттық қорының қызметіне мониторинг жүргізу» жобасы аясында «Қазақстан экономикасының диверсификациясы және егеменді қорлардың табысын тиімді басқару тәжірибесі» тақырыбында семинар-тренинг өткізеді.
Жоба ОҚО-ның азаматтық қоғам өкілдеріне мониторинг жасау негіздері және мемлекеттік әрі жеке компанияларының қызметі жөнінде, табушы саласы ұйымдары, дербес жағдайда Ұлттық қор туралы ақпаратты зерделеуді оқытуға бағытталған. Өздеріңіз білетіндей, ҚР Үкіметі алдында Қазақстанның әлем елдерінің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену бойынша міндеті қойылған (Дүниежүзілік банк рейтингі бойынша). Бұл көптеген бағытта, соның ішінде Ұлттық қор қызметінде институционалды өзгерістерді талап етеді. Бір жағынан инвесторлардың қауіпі және екінші жағынан елдің бай көмірсутекті қамбалары мемлекеттен Ұлттық қордың есептілігі мен ашықтығының әлемдік тәжірибесін алуды қажет етеді.
«ОҚО кәсіпорындары 2014 жылдың 1-ші жартысында-ақ еліміздің Ұлттық қорын 205 млрд теңгеден астам қаржымен толықтырған (1 млрд. АҚШ долларынан астам). Облысымызда елімізге әйгілі мынадай кәсіпорындардан (уран өндіруші) «Катко» СК және «Инкай» СК, (қорғасын өңдеуші) «Южполиметал» АҚ, (мұнай өңдеуші) «Петро Казахстан Ойл Продактс» ЖШС, “Шалкия цинк ЛТД” ЖШС және т.б., бюджет, сондай-ақ, Ұлттық қордың қаржысы салықтық аударымдар және басқа да төлемдері арқылы толықтырылады. Сондықтан, жерқойнауы пайдаланушыларында да, азаматтық қоғамның да бұл қаражат қайда және неге жаратылады деген сұрақ туындайды? Осындай және басқа да сұрауларға семинар-тренингтер аясында жауап беруге тырысамыз,» – дейді «Жолдас» ССҰА төрағасы Тұрғынбаев Болатбек Базарбайұлы.
Жоба бойынша Шымкент қаласының және аудандағы мемлекеттік қызметкерлер, БАҚ және ҮЕҰ-ң өкілдері оқытылатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық қор 2001 жылы құрылды, ұлттық мұнай компаниясының, акцияның және ұлттық компанияның және ауыл шаруашылық алқаптың жерінің облигациясының сатуының қызметі табыстарынан жинақталады. Оның негізгі мақсаты республикалық және жергілікті бюджетті дүниежүзілік бағаның конъюнктурасының тәуелділігінен айыру, елдің тұрақты әлеуметтік экономикалық дамуын қамсыздандыру және болашақ ұрпақ үшін қаражатты жинақтау болып табылады.
Қосымша мәліметтер үшін мына байланыстар арқылы хабарласыңыз:
«Жолдас» ССҰА
Қалалық сымтетік: 8 (7252) 48-01-33, 54-59-95
Моб. 87054875806, 87024775283 Индира Отжанова