29/01/2014
Таня Бурдет: Жұртшылық шешім қабылдау процесіне қатысуы керек
15/01/2014
Уголовная ответственность за клевету препятствует борьбе с коррупцией
04/03/2014

ҚР сөз бостандығы саласындағы халықаралық міндеттемелері

Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері ең бірінші кезекте Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялаудан туындайды.

Осы Пактінің 19-бабы үш тармақтан тұратынын еске сала кетейін. Бірінші тармақ адамның өз пікірі болуына, екінші тармақ осы пікірді таратуына кепілдік береді, ал үшінші тармақта пікірді тарату құқығын шектеу қағидаттары ескеріледі.

Бұл шектеулердің шарттары Пактіде барынша жалпылама түрде тұжырымдалған. Оларды еркін әрі кеңейтілген мағынада түсінбес үшін, жетекші әрі уәкілетті әлемдік сарапшылар (бұлар ең бірінше кезекте Біріккен Ұлттар Ұйымының пікір бостандығы және оны еркін білдіру құқығын көтермелеу мен қорғау мәселесі жөніндегі әлеуметтік баяндамашысы, ЕҚЫҰ бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі және Америкалық мемлекеттер ұйымының пікірді еркін білдіру мәселелері жөніндегі әлеуметтік баяндамашысы) пікірді еркін білдіруді шектеу шектерін түсіндіретін бірқатар құжаттарды баспадан шығарды.

Мысалы, БҰҰ әлеуметтік баяндамашысы, Америкалық мемлекеттер ұйымының пікірді еркін білдіру мәселелері жөніндегі әлеуметтік баяндамашысы және ЕҚЫҰ өкілінің БАҚ бостандығы бойынша 2002 жылғы Бірлескен декларациясында былай делінген: «Жала жапқаны үшін қылмыстық жаза – пікір білдіру бостандығын қисынды түрде шектеу емес; жала жапқаны үшін қылмыстық жазалауға қатысты барлық заңдардың қажет болған кездерде күші қайтарылуға немесе азаматтық құқықтағы тиісті заңдармен ауыстырылуға тиіс».

Біріккен Ұлттар Ұйымының пікір білдіру бостандығы жөніндегі әлеуметтік баяндамашысы 2008 жылғы есепте былай деп атап көрсетті: «Жала жабу туралы көптеген заңдардың субъективті сипаты, олардың тым кең ауқымы және қылмыстық құқық шеңберінде қолданылуы оларды  журналистік зерттеулер мен сынды нашарлатудың қуатты тетіктеріне айналдырып жіберді».

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің (айта кетейін, Қазақстанның осы  Комитеттің мүшесіне айналғанына көп бола қойған жоқ) 2011 жылы шыққан № 34 Жалпы тәртіптегі ескертпесінен дәйексөз келтірейін: «Комитет жоғары мемлекеттік тұлғаны қорлау, сотты қадірлемеу, билік өкілдерін қадірлемеу, ту мен рәміздемені қадірлемеу, мемлекет басшысына жала жабу, мемлекеттік лауазымды тұлғалардың атақ-абыройын қорғау сияқты әрекеттер туралы заңдарға байланысты алаңдаушылық білдіреді; ол сондай-ақ заң арқылы беделіне күмән келтірілді-мыс деген адамның жеке басының алатын орны жоғары болғандықтан ғана қатаңырақ шаралар белгіленгенбеуге тиіс деп мәлімдейді».

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19-бабымен заң жобасын әзірлеушілер таныс болса да, ал Пактінің үшінші тармағына сәйкес сөз бостандығын шектеудің халықаралық стандарттары туралы сірә да ештеңе білмейтін болса керек, Қылмыстық кодекстің жобасында шамадан тыс шектеулердің болуына әкелген де осы.

Қазақстандық 12 үкіметтік емес ұйымнан құралатын біздің «20-шы бап» коалициясы Қылмыстық кодексті әзірлеу сатысында Бас прокуратураға өзінің ұсыныстарын жолдап, қылмыссыздандыру қажеттігіне негіздеме берді.  Оған «Ведомствоаралық жұмыс тобы» қол қойған мынадай жауап алды:  «Біздің ойымызша, жала жабу мен қорлауды қылмыссыздандыру пікір білдіру бостандығына ықпалдаспайды, керісінше, азаматтардың атақ-абыройы мен қадір-қасиетіне қасақана қол сұғудың артуына әкеледі, ал бұл Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің өз пікірін еркін білдіру құқығын іске асырған кезде басқа адамдардың құқықтары мен абыройын құрметтеу туралы қағидасымен үйлеспейді».

Пактінің 19-бабының 3-тармағының дұрыс түсіндірілмеуі туралы мен айтып  өттім. Енді «қасақана қол сұғу» туралы. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша 2010 жылдан бастап 2013 жылдың бірінші жартысына дейін республикада жала жабу туралы айып тағу бойынша 1480 іс ақталған; оның ішінде жартысынан астамы, яғни 760 іс тоқтатылған. Біздің қордың деректері бойынша БАҚ арқылы жала жабу мен қорлағаны үшін 2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін 65 сот процесі өткен, оның 16-сы айыптау үкімімен аяқталған, соның ішінде 3 адам бас бостандығынан айыруға кесілген. Құрметті депутаттар, осыны қоғамға қауіпті іс-әрекет деп атауға бола ма және қылмыстық істер жөніндегі соттарға жүздеген тұрмыстық дау-дамайды артып қойған дұрыс па, о жағын өздеріңіз шешіңіздер.

Және де соңғы мәселе. Жала жапқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды жақтайтын шешуші уәждердің бірі ретінде заң жобасын әзірлеушілер, неліктен екені белгісіз, Еуропалық Одақты мысалға келтіреді. Жуырда Меркель мырза Еуроодақтың 27 елінде диффамация үшін қылмыстық жауапкершілік сақталған, олар әуелі соның күшін қайтарсын дегенді тағы да айтты. Бірақ бұл орайда ол елдерде диффамация үшін қылмыстық жауапкершіліктің ондаған жылдар бойы, атап айтқанда Германияда 50 жылдан астам уақыт қолданылмай жатқанын айтуды ұмытып кетеді, – себебі бұл елдер Адам құқықтары жөніндегі еуропалық соттың заң хұкіміне кіреді, ал ол диффамация үшін қылмыстық жауапкершілікке түбегейлі қарсы. Ал жиі аталатын Ресейді алсақ, ол өзінің қылмыстық кодексіне жала жабуды туралы бапты қайтадан кіргізді де, ол баптан бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны алып тастады.

Әрине, ешкімнің де жалаға ұшырағысы келмейді, әр адамға өзінің атақ-абыройы қымбат, ал көпшілікке танымал адамдардың негізсіз айыпқа ұшырау қаупі әрқашан да үлкен. Алайда, біздің заңнамада өзінің абыройы мен қадір-қасиетін қорғау тәсілдері мол әрі жеткілікті, және де БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес «Сөз бостандығы қалған барлық бостандықтардың өлшемі болып табылатынын» ұмытпайық. Депутаттар Қылмыстық кодексті әзірлеушілердің сөз бостандығы мәселелеріндегі құзырлығына тиісті бағасын беріп, жұртшылықтың ұсыныстарын қабылдайды деген үміттемін. Жұмыс тобының мүшелерінде бұл ұсыныстар бар.

Тамара Калеева,

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау Халықаралық қорының президенті