11/09/2017
Деректі фотосуреттер бойынша байқаудың қорытындысы
26/07/2017
Қазақстандық фотографтар Алматыда визуалды сторителлинг бойынша тренингтен өтті
18/10/2017

Қазақстанға мүгедектігі бар адамдардың құқы жөніндегі арнайы баяндамашы келді

Қазақстанға ресми сапармен мүгедектігі бар адамдардың құқығы жөніндегі БҰҰ арнайы баяндамашысы Каталина Девандас-Агилар келді.

Мамандығы бойынша заңгер және құқыққорғаушы Девандас-Агилар ұзақ жылдан бері мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау саласында жұмыс істейді, Дүниежүзілік банктің Кәріб аймағындағы мүгедектігі бар адамдардың құқығы бойынша кеңесші болып қызмет атқарады; 2014 жылғы 1 желтоқсаннан мүгедектердің құқығы бойынша БҰҰ-ның арнайы баяндамашы мандатының алғашқы иегері болып табылады.

Бұл Девандас-Агилар ханымның Қазақстанға және жалпы аймаққа жасаған алғашқы сапары. Сапары барысында ол үкімет мүшелерімен кездесу өткізіп, мүгедектігі бар адамдар тұратын не қызмет алатын бірқатар мекемелерге барды. Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдардың құқығы саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдармен, бастамашыл топтармен және белсенді азаматтармен кездесті.

2018 жылғы наурызда БҰҰ Адам құқықтары бойынша Кеңесінде арнайы баяндамашының сапар қорытындысы және Қазақстанда БҰҰ мүгедектердің құқығы туралы конвенциясының (ҚР 2015ж. ратификацияланды) орындалу жағдайы бойынша есеп ұсынылады. Онда жасалатын қорытындылар мен ұсыныстар Қазақстандағы мүгедектігі бар 627 мың адамның жағдайын жақсартуға көмектеседі.

БҰҰ-ның арнайы баяндамашылары – бұл нақты елде немесе нақты тақырып бойынша адам құқықтарына қатысты жағдайлар бойынша баяндама дайындап, кеңес беретін адам құқықтары бойынша тәуелсіз сарапшы. Қазіргі уақытта әлемде түрлі тақырып бойынша 44 баяндамашы жұмыс істейді. Арнайы баяндамашылар БҰҰ жүйесінің қызметкері болып табылмайды, қызметі үшін ақы алмайды, сәйкесінше оның жұмысы тәуелсіз мен бейтарап.