24/02/2014
«Толеранттылық» тақырыбына арналған карикатура бәйгесінің аралық қорытындысы
04/02/2014
Алматыда «Толеранттылық» тақырыбына арналған көрме өтуде
22/04/2014

Қазақстанда паллиативтік көмектің Ұлттық стандарты қабылданды

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі Қазақстанда паллиативтік көмек көрсетудің ұлттық стандартын бекітті. Құжат мемлекеттік деңгейде басқа медициналық-әлеуметтік қызметтермен қатар паллиативтік көмек көрсету саласын реттейді.

Паллиативтік көмек көрсетудің қабылданған ұлттық стандарты паллиативтік көмекті дамыту саласындағы шетелдік сарапшылар тобының, ҒЕБ өкілдерінің және Қазақстанның мемлекеттік органдарының  жұмысының айтарлықтай жетістігі болып табылады.

«Стандартты қабылдау үкіметтік емес ұйымдардың, паллиативтік көмек саласындағы сарапшылардың және мемлекеттік орган өкілдерінің тығыз серіктестігі нәтижесінде мүмкін болды», – деп атап өтті Сорос-Қазақстан Қорының Басқарма Төрағасы Антон Артемьев. «Бұл Қазақстанда паллиативті көмекті дамыту үдерісіндегі маңызды қадам және біз емделушілердің және олардың отбасыларының өмір сапасын жақсартуды қамтамасыз ету жолында серіктестерімізге қолдау көрсетуге қуаныштымыз».

Паллиативтік көмек көрсетудің Ұлттық стандартының толық мәтінін келесі сілтемеден таба аласыздар: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1300008956

Назарларыңызға:  Сорос-Қазақстан Қоры палиативтік көмек көрсетуді қолдау саласында 2008 жылдан бері жұмыс жасайды. Осы уақыт ішінде Қор паллиативтік көмек көрсетудің ұлттық стандарттарын жасауға қолдау көрсетті және халықтың ақпараттануын арттыруға, паллиативтік медицина саласында жұмыс жасайтын дәрігерлер мен мейірбикелердің білімі мен дағдыларын жоғарылатуға  бағытталған жобаларды қаржыландырды.

Паллиативтік көмек – (фр. Palliatif, лат. pallium — жапқыш, плащ) — өміріне қауіп төндіретін науқасқа ұшыраған емделушілер мен олардың отбасының өмір сапасын науқасты ерте анықтау, мұқият бағалау және ауру мен басқа да физикалық симптомдарын емдеу, сонымен қатар емделуші мен оның жақындарына психоәлеуметтік және рухани қолдау көрсету арқылы жақсартуға мүмкіндік беретін тәсіл.

Паллиативтік көмек көрсетудің ұлттық стандарты – паллиативтік көмек көрсетудің барлық бағыттары бойынша жұмысты ұйымдастыратын, сонымен қатар, осындай көмек көрсетуге арналған емдеудің әдістемелік негіздемесін және материалдық техникалық базасын қамтамасыз ететін негізгі заңнамалық бекітілген нормативті-құқықтық құжат.